Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жастардың болашаққа бағдарын айқындайтын, мамандық таңдауда дұрыс бағыт беруге арналған мазмұнды да тәрбиелік мәні жоғары «Мамандықтар әлеміне саяхат» кездесу кеші өтті.
Мақсаты: білім алушыларға түрлі мамандықтар жөнінде кең көлемді түсінік қалыптастыру, олардың қабілеті мен қызығушылығына сай болашақ кәсіпті саналы таңдауға бағыт беру, қоғамға қажетті жаңа мамандықтар туралы ой бөлісу, сондай-ақ мамандық иелерімен еркін пікір алмасу алаңын қалыптастыру.
Кеш қонақтары:
1.Жамбыл облысының Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің арнайы пән оқытушысы – Омаров Нұрдәулет Жамалбекұлы.
2.Жамбыл ауданы білім бөлімінің әдіскері – Туркменова Эльмира Жалғасқызы.
3.Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бастығының орынбасары – Тулбаев Әлішер Алтынбекұлы.
Іс-шара библиограф А. Мамашариева оқырмандарға әртүрлі мамандықтар туралы жан-жақты әрі өте пайдалы мәлімет ұсынып, болашақ мамандықты таңдауда назар аударарлық маңызды жайттарды түсіндірді.
Кеш қонақтары жас буынға өз өмірлік тәжірибелерін мысалға келтіре отырып, мамандық таңдаудың жауапкершілігі, жеке қабілетті бағалау, еңбекқорлық пен табандылықтың маңызы жайында терең ой қозғады. Әскери қызметтің абыройлы әрі мәртебелі жолы, педагог мамандығының қоғамдағы орны, техникалық бағыттағы кәсіптердің бүгінгі еңбек нарығындағы сұранысы кеңінен баяндалды. Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің шәкірттері – Мансуров Бекруз Алимжанович, Абумұса Бекзат, Максатұлы Давлет, Жалғас Талғатұл өз ойларымен бөлісіп, таңдаған мамандықтары туралы әсерлі пікірлер айтты.
Шара барысында оқырмандарға «World Wall» әдісі арқылы викториналық сұрақтар ұсынылып, оқушылар белсенді түрде жауап берді. Сергіту сәтінде ұйымдастырылған «Психогеометрия» психологиялық тренингі қатысушылардың ойлау ерекшеліктері мен қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар оқырмандарға мамандық таңдауға қатысты жұлдызнамалық кеңестер ұсынылып, олардың болашаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыра түсті.
Кеш соңында шара өте әсерлі, тағылымды әрі пайдалы форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты және мәнді жауаптар алды. Болашаққа сеніммен қарайтын жас буын үшін бұл кездесу шынайы мотивацияға толы, жүректерге әсер қалдырған маңызды іс-шара болды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/469-mamandy-tar-lemine-sayakhat-kezdesu-keshi.html#sigFreeId3dcd5b5fc2



















