1 Деректерді өңдеу жүйесін және есептеуіш техниканың математикалық қамтамасыздандыру жүйесін жобалауға қатысады.
2 Жабдықтардың эксплуатациясына байланысты дайындық жұмыстарды жүргізеді, есептеуіш техниканың жұмысына қадағалау жүргізеді.Жергілікті және ғаламдық желіге, сонымен қатар – Интернет желіге рұқсат етуді ұйымдастыруға қатысады; электронды поштаны пайдаланып басқа ұйымдармен ақпарат алмасу.
3 Жұмыс станцияларының бағдарламалық қамтамасыздандыруын жұмыс күйінде ұстайды.
4 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды (БҚ) орнатады, операциялық жүйелер мен БҚ-ға жаңарту орнатады.
5 Тестік тексеруді және ақаулықтарды дер кезінде табу мен жою мақсатында есептеуіш техникаға профилактикалық тексерулер өткізеді.
6 Компьютерлік және басқа офистік техниканың күйін бағалайды, тиісті қорытынды береді.
7 Істемейтін жабдықтарға, сонымен қатар жаңаларды сатып алу мен серверлердің, жұмыс станцияларының ескірген аппараттық жабдықтарының, сонымен қатар желілік жабдықтарының модернизациялауына өтінім жасайды.
8 Әр түрлі жөңдеу жұмыстарды орындауға қатысады (жұмыс станцияларының, сервердің ақаулы бөліктерін ауыстыру, орг. техниканы жөндеу, картридждерді ауыстыру и т.д.)
9 Машина уақытының қолдануының, орындалған жұмыстар көлемінінің есебін жүргізеді.
10 Өзінің тікелей жетекшісінің бір жолғықызметтік тапсырмаларын орындайды.