Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің тарихы
Аудандық орталық кітапхана 1958 жылы құрылды. Содан бері талай кезеңдерден, уақыт сынынан өтіп, қызметін тоқтатқан жоқ.
1985 жылы Жамбыл аудандық орталық кітапханасы Мәдениет министрлігі атынан «Ең үздік кітапхана» атауына ие болып, сол кездегі кітапхана директоры Китаева Вера Андреевнаға «Кітапхана жұмысындағы үлкен жетістіктері үшін» грамотасы берілді.
Сол жылы аудандық орталық кітапхананың базасында облыстық семинар өткізіліп, «Ең үздік кітапхана» дипломы тапсырылды.
1987 жылы облыстық семинарда «Мәдени – ағартушылық жұмыстағы жақсы жетістіктері үшін» аудандық орталықтандырылған кітапхана марапатталды. Кітапхана жұмысындағы жетістіктерге жетуіне аудан кітапханашылары көп үлестер қосты. Атап айтқанда: Гродеково ауылдық кітапханасының филиал меңгерушісі – Перепелкина Т.С, Қаламаңы ауылының филиал меңгерушісі Ганиева Зухра, Жасөркен ауылының филиал меңгерушісі – Айтжанова Айткүл, Бесағаш ауылының филиал меңгерушісі – Галиева Сағидалар Құрмет грамоталары және «Еңбек ардагері» медальдерімен марапатталды.
Облыс көлеміндегі 1 – ші Ұлттық мереке «Наурыз» Гродеково Мәдениет Үйінің базасында өткізіліп, социалистік жарыс қорытындысы бойынша ауыспалы белгі (вымпел) берілді.
1991 – 1992 жылдары Свердлов ауданында облыстық «Кітап мерекесінде» ІІІ орын иеленді.
1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін Қалисаева Аида Қуанышқызы басқаруда.
1995 жылы аудандық орталық кітапхананың базасында облыстық «Абай арнасындағы үш бәйтерек» тақырыбымен кітап мерекесі өткізіліп аудандық ОКЖ ынталандыру сыйлығына ие болды.
1997 жылы еліміздегі экономикалық қиыншылықтар жағдайында кітапханалар қысқарып, кітапхана ісі едәуір дағдарысқа ұшырады. Қысқартуға дейін ауданда 42 кітапхана жұмыс істесе, 1998 жылы 1 ғана кітапхана қалды.
2000 жылы Президентіміздің Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» болып жарияланып, ауылдық кітапханалар ашылып, жүйе болып қайта құрылды.
2000 жылы – 10 ауылдық кітапхана ашылды.
2001 жылы – 1 ауылдық кітапхана ашылды.
2002 жылы – 1 ауылдық кітапхана ашылды.
2006 жылы – 2 ауылдық кітапхана ашылды.
2007 жылы – 6: 1- аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, 5 - ауылдық кітапхана ашылды.
2008 жылы – 2 ауылдық кітапхана ашылды.
2009 жылы – 2 ауылдық кітапхана ашылды.
2010 жылы – 1 ауылдық кітапхана ашылды.
2011 жылы – 1 ауылдық кітапхана ашылды.
2012 жылы – 1 ауылдық кітапхана ашылды.
2013 жылы - 1 ауылдық кітапхана ашылды.
Облыс Әкімиятының 2003 жылғы 29 сәуірдегі №54 қаулысының, Жамбыл ауданы Әкімиятының 2003 жылғы 27 мамырдағы №16 қаулысымен «Аудан әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі құрылды. Жүйенің кітап қоры 205786 дана, мемлекеттік тілде 122092 данаға жетті. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 29 кітапхана жұмыс атқарады: 1- аудандық, 1 - балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, 1- модельді ауылдық кітапханасы, 26 ауылдық кітапхана. Аудандық кітапхана 50 аталым мерзімді басылымдар жаздырып алады.
2001 жылы аудандық орталық кітапхана базасында облыстық семинар – кеңес өткізілді.
2002 жылы «Тараз – 2000» айдарымен өткен облыс кітапханаларының шығармашылық сайысында «Тараз қаласының нарық заманындағы экономикалық жағдайы және болашағы» атты ғылыми рефераты үшін І-орын иеленді.
2005 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Ақбұлым ауылдық кітапханасы ІІІ – орын иеленді.
2009 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Айша – Бибі ауылдық кітапханасы – ІІ орын иеленді
2010 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Өрнек ауылдық кітапханасы бас жүлде иеленді.
2014 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхан байқауында» Бектөбе ауылдық кітапханасы ІІІ-орынды иеленді.
2014 жылы қыркүйек айында өткен «Жыл маманы» облыстық байқауында Ерназар ауылдық кітапханасының филиал меңгерушісі
Умиралиева Айгерім жүлделі ІІІ-орынды иеленді.
2014 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Балалар кітапханалары өлкетану жұмысын дамыту орталығы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Оған аудандық әдістемелік қызмет жетекшілері және балалар кітапханалары мен бөлімдерінің кітапханашылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
2015 жылы облыстық «Ең үздік әдістемелік кабинет» байқауына белсене қатысып әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда кәсіби белсенділігін көрсетіп, жауапкершілік танытқаны үшін Адилова Аякөз Сембекқызы ІІІ-орынды иеленді.
2016 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Гродеково ауылдық кітапханасы I – орынды иеленді.
2016 жылы облыстық «Жыл маманы» облыстық байқауында Құмтиын ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мамбеталиева Эдиса II - орынды иеленді.
2017 жылдың 9 қарашасында Жамбыл аудандық орталық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекеттік кітапханалар жүйесі мамандарының міндеттерін айшықтау, кәсіби дағдыларымен алмасу, біліктілікті арттыру, кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, ауыл кітапханашыларының жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту мақсатында аудандық, ауылдық кітапханалар қызметкерлері арасында, аймақтық семинар-тренинг өтті. Іс-шара барысында аудандық орталық кітапхананың Webсайтының ашылу рәсімі жасалды. Рәсімді облыстық Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Э. Абдинова мен аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің баcтығы А.Байдалиев орындады.
2017 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын іс-тәжірибелік семинары биыл Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Инновациялық жобалар - кітапхана тартымдылығының жаңа пішіні» тақырыбында өтті. Семинарға «Кітапханалық дебют» жас кітапханашылардың авторлық жобалар жәрмеңкесінде тың идеялар мен инновациялық жобаларды ұсынып, белсене қатысқаны үшін Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Алғыс хатпен марапатталды және «Кітапханашы құзіреттілігі және шынайлылық» іскерлік ойынында шығармашылық ой еркіндігін көрсете білгені үшін «Шығармашыл кітапханашы» аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Хожамқұлова Замира Дүйсенғалиқызы марапатталды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты – «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы мен Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасын, «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып Жамбыл аудандық орталық кітапхана «Ауылдың тарихи шежіресі» аудандық өлкетану байқауын жариялады. Байқауға ауылдық кітапханалар қатысты. Байқау 2 кезеңде өткізілді.
І кезең - «Ауылдың тарихи шежіресі» - әдістемелік құрал байқауы.
ІІ кезең - іс - шара байқауы.
Іс –шара байқауы бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.
Бұл байқау қазанның 5-нен қараша айының 24-і аралығында өтті.
Әр ауылдық кітапхана байқау барысында іс-шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалғанын, сонымен қатар әр ауылда жылдан-жылға кітапхана оқырмандарының саны ұлғайып келе жатқанын дәлелдей түсті.
Әділ-қазылар алқасының шешімі:
І кезең бойынша:
Бас жүлдені - Бектөбе ауылдық кітапханасы иеленді (түрлі-түсті 3/1 принтер)
І орынға – Қаратау ауылдық кітапханасы (принтер)
ІІ орынға – Жалпақтөбе ауылдық кітапханасы (ламинат)
ІІІ орынға – Шайдана ауылдық кітапханасы (фотоаппарат)
Белсене қатысқаны үшін бұл номинация бойынша Ерназар, Жұма, Гродеково ауылдық балалар, Шайқорық, Пригородное ауылдық кітапханаларына алғыс жарияланды.
ІІ кезең – бойынша:
Бас жүлдені-Гродеково ауылдық кітапханасы иеленді(түрлі-түсті 3/1 принтер)
І орынға – Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы (принтер)
ІІ орынға – Тоғызтарау ауылдық кітапханасы (ламинат)
ІІІ орынға – Ақбұлым ауылдық кітапханасы (фотоаппарат)
Бұл номинацияда Бірлесу - Еңбек, Түрксіб ауылдық кітапханаларына алғыстар жарияланды.
2018 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру: жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелері күндерінің қорытындысы бойынша «Позитив кітапхана-позитив ұжым» номинациясы бойынша марапатталды.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 6 қыркүйекте «Кітапханашы-мәртебелі мамандық» атты облыстық кітапханашылар байқауының 1 орын иегері Хожамқұлова Замира Дүйсенғалиқызы марапатталды.
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Ел рухын көтерген Елордамыз-Астана қаласының 20 жылдығы аясында «Кітапханашы-ХХI ғасыр мамандығы» «Жыл маманы-2018» байқауында серпінді және сапалы дайындық көрсеткені үшін «Жігерлік» номинациясы бойынша Бектөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ташкенбаева Калима Халмухамедқызы марапатталды.