Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің тарихы
Аудандық орталық кітапхана 1958 жылы құрылды. Содан бері талай кезеңдерден, уақыт сынынан өтіп, қызметін тоқтатқан жоқ.
1985 жылы Жамбыл аудандық орталық кітапханасы Мәдениет министрлігі атынан «Ең үздік кітапхана» атауына ие болып, сол кездегі кітапхана директоры Китаева Вера Андреевнаға «Кітапхана жұмысындағы үлкен жетістіктері үшін» грамотасы берілді.
Сол жылы аудандық орталық кітапхананың базасында облыстық семинар өткізіліп, «Ең үздік кітапхана» дипломы тапсырылды.
1987 жылы облыстық семинарда «Мәдени – ағартушылық жұмыстағы жақсы жетістіктері үшін» аудандық орталықтандырылған кітапхана марапатталды. Кітапхана жұмысындағы жетістіктерге жетуіне аудан кітапханашылары көп үлестер қосты. Атап айтқанда: Гродеково ауылдық кітапханасының филиал меңгерушісі – Перепелкина Т.С, Қаламаңы ауылының филиал меңгерушісі Ганиева Зухра, Жасөркен ауылының филиал меңгерушісі – Айтжанова Айткүл, Бесағаш ауылының филиал меңгерушісі – Галиева Сағидалар Құрмет грамоталары және «Еңбек ардагері» медальдерімен марапатталды.
Облыс көлеміндегі 1 – ші Ұлттық мереке «Наурыз» Гродеково Мәдениет Үйінің базасында өткізіліп, социалистік жарыс қорытындысы бойынша ауыспалы белгі (вымпел) берілді.
1991 – 1992 жылдары Свердлов ауданында облыстық «Кітап мерекесінде» ІІІ орын иеленді.
1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін Қалисаева Аида Қуанышқызы басқаруда.
1995 жылы аудандық орталық кітапхананың базасында облыстық «Абай арнасындағы үш бәйтерек» тақырыбымен кітап мерекесі өткізіліп аудандық ОКЖ ынталандыру сыйлығына ие болды.
1997 жылы еліміздегі экономикалық қиыншылықтар жағдайында кітапханалар қысқарып, кітапхана ісі едәуір дағдарысқа ұшырады. Қысқартуға дейін ауданда 42 кітапхана жұмыс істесе, 1998 жылы 1 ғана кітапхана қалды.
2000 жылы Президентіміздің Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» болып жарияланып, ауылдық кітапханалар ашылып, жүйе болып қайта құрылды.
2000 жылы – 10 ауылдық кітапхана ашылды.
2001 жылы – 1 ауылдық кітапхана ашылды.
2002 жылы – 1 ауылдық кітапхана ашылды.
2006 жылы – 2 ауылдық кітапхана ашылды.
2007 жылы – 6: 1- аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, 5 - ауылдық кітапхана ашылды.
2008 жылы – 2 ауылдық кітапхана ашылды.
2009 жылы – 2 ауылдық кітапхана ашылды.
2010 жылы – 1 ауылдық кітапхана ашылды.
2011 жылы – 1 ауылдық кітапхана ашылды.
2012 жылы – 1 ауылдық кітапхана ашылды.
2013 жылы - 1 ауылдық кітапхана ашылды.
Облыс Әкімиятының 2003 жылғы 29 сәуірдегі №54 қаулысының, Жамбыл ауданы Әкімиятының 2003 жылғы 27 мамырдағы №16 қаулысымен «Аудан әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі құрылды. Жүйенің кітап қоры 205786 дана, мемлекеттік тілде 122092 данаға жетті. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 29 кітапхана жұмыс атқарады: 1- аудандық, 1 - балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, 1- модельді ауылдық кітапханасы, 26 ауылдық кітапхана. Аудандық кітапхана 50 аталым мерзімді басылымдар жаздырып алады.
2001 жылы аудандық орталық кітапхана базасында облыстық семинар – кеңес өткізілді.
2002 жылы «Тараз – 2000» айдарымен өткен облыс кітапханаларының шығармашылық сайысында «Тараз қаласының нарық заманындағы экономикалық жағдайы және болашағы» атты ғылыми рефераты үшін І-орын иеленді.
2005 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Ақбұлым ауылдық кітапханасы ІІІ – орын иеленді.
2009 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Айша – Бибі ауылдық кітапханасы – ІІ орын иеленді
2010 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Өрнек ауылдық кітапханасы бас жүлде иеленді.
2014 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхан байқауында» Бектөбе ауылдық кітапханасы ІІІ-орынды иеленді.
2014 жылы қыркүйек айында өткен «Жыл маманы» облыстық байқауында Ерназар ауылдық кітапханасының филиал меңгерушісі
Умиралиева Айгерім жүлделі ІІІ-орынды иеленді.
2014 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Балалар кітапханалары өлкетану жұмысын дамыту орталығы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Оған аудандық әдістемелік қызмет жетекшілері және балалар кітапханалары мен бөлімдерінің кітапханашылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
2015 жылы облыстық «Ең үздік әдістемелік кабинет» байқауына белсене қатысып әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда кәсіби белсенділігін көрсетіп, жауапкершілік танытқаны үшін Адилова Аякөз Сембекқызы ІІІ-орынды иеленді.
2016 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Гродеково ауылдық кітапханасы I – орынды иеленді.
2016 жылы облыстық «Жыл маманы» облыстық байқауында Құмтиын ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мамбеталиева Эдиса II - орынды иеленді.
2017 жылдың 9 қарашасында Жамбыл аудандық орталық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекеттік кітапханалар жүйесі мамандарының міндеттерін айшықтау, кәсіби дағдыларымен алмасу, біліктілікті арттыру, кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, ауыл кітапханашыларының жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту мақсатында аудандық, ауылдық кітапханалар қызметкерлері арасында, аймақтық семинар-тренинг өтті. Іс-шара барысында аудандық орталық кітапхананың Webсайтының ашылу рәсімі жасалды. Рәсімді облыстық Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Э. Абдинова мен аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің баcтығы А.Байдалиев орындады.
2017 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын іс-тәжірибелік семинары биыл Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Инновациялық жобалар - кітапхана тартымдылығының жаңа пішіні» тақырыбында өтті. Семинарға «Кітапханалық дебют» жас кітапханашылардың авторлық жобалар жәрмеңкесінде тың идеялар мен инновациялық жобаларды ұсынып, белсене қатысқаны үшін Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Алғыс хатпен марапатталды және «Кітапханашы құзіреттілігі және шынайлылық» іскерлік ойынында шығармашылық ой еркіндігін көрсете білгені үшін «Шығармашыл кітапханашы» аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Хожамқұлова Замира Дүйсенғалиқызы марапатталды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты – «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы мен Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасын, «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып Жамбыл аудандық орталық кітапхана «Ауылдың тарихи шежіресі» аудандық өлкетану байқауын жариялады. Байқауға ауылдық кітапханалар қатысты. Байқау 2 кезеңде өткізілді.
І кезең - «Ауылдың тарихи шежіресі» - әдістемелік құрал байқауы.
ІІ кезең - іс - шара байқауы.
Іс –шара байқауы бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.
Бұл байқау қазанның 5-нен қараша айының 24-і аралығында өтті.
Әр ауылдық кітапхана байқау барысында іс-шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалғанын, сонымен қатар әр ауылда жылдан-жылға кітапхана оқырмандарының саны ұлғайып келе жатқанын дәлелдей түсті.
Әділ-қазылар алқасының шешімі:
І кезең бойынша:
Бас жүлдені - Бектөбе ауылдық кітапханасы иеленді (түрлі-түсті 3/1 принтер)
І орынға – Қаратау ауылдық кітапханасы (принтер)
ІІ орынға – Жалпақтөбе ауылдық кітапханасы (ламинат)
ІІІ орынға – Шайдана ауылдық кітапханасы (фотоаппарат)
Белсене қатысқаны үшін бұл номинация бойынша Ерназар, Жұма, Гродеково ауылдық балалар, Шайқорық, Пригородное ауылдық кітапханаларына алғыс жарияланды.
ІІ кезең – бойынша:
Бас жүлдені-Гродеково ауылдық кітапханасы иеленді(түрлі-түсті 3/1 принтер)
І орынға – Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы (принтер)
ІІ орынға – Тоғызтарау ауылдық кітапханасы (ламинат)
ІІІ орынға – Ақбұлым ауылдық кітапханасы (фотоаппарат)
Бұл номинацияда Бірлесу - Еңбек, Түрксіб ауылдық кітапханаларына алғыстар жарияланды.
2018 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру: жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелері күндерінің қорытындысы бойынша «Позитив кітапхана-позитив ұжым» номинациясы бойынша марапатталды.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 6 қыркүйекте «Кітапханашы-мәртебелі мамандық» атты облыстық кітапханашылар байқауының 1 орын иегері Хожамқұлова Замира Дүйсенғалиқызы марапатталды.
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Ел рухын көтерген Елордамыз-Астана қаласының 20 жылдығы аясында «Кітапханашы-ХХI ғасыр мамандығы» «Жыл маманы-2018» байқауында серпінді және сапалы дайындық көрсеткені үшін «Жігерлік» номинациясы бойынша Бектөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ташкенбаева Калима Халмухамедқызы марапатталды.
2018 жылдан бастап «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты маңызды мәселелер бойынша мәліметтерге жедел, сапалы түрде қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін кітапханаларда цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылып, бүгінгі күнге 18 орталық халыққа қызмет көрсетеді. Ашылған орталықтарда egov.kz электронды үкімет порталы арқылы алынатын анықтамалар және Жамбыл ЦАО мәліметтер сайты арқылы берілетін әлеуметтік маңызды ақпараттарқолжетімді болды.
«Нұр Отан» партиясы қолға алған «Қазақстанның кітапханалары» жобасы негізінде еліміздегі кітапханаларды заманауи білім орталығына айналдыру мақсатында 2018 жылы Айшабибі ауылдық кітапханасынан, 2019 жылы аудандық орталық кітапханадан білім орталықтары (коворкинг) ашылды. Ашылған күннен бастап жастар шығармашылық жұмыспен шұғылданып, ғаламтор жүйесін пайдалануда және мерзімді басылымдардағы жаңалықтармен танысуда. Қолөнер шеберлері, домбыра үйрену, ақындыққа баулу үйірмелері жұмыс жүргізіп, ағылшын тілі сабақтары тегін оқытылады. Сонымен қатар, орталықтарда жастардың қатысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілуде.
Кітапхана өз жұмысында қатардағы күнделікті оқырмандарға қызмет көрсете отырып, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстануды назардан тыс қалдырмайды. 2018 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру, қоғамға кіріктірумақсатында зағип және көзі әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлім ашылды. Бөлімнің кітап қоры 134 дана, оның ішінде: 72 бедерлі-нүктелі әдебиеттер, 42 дыбыстандырылған аудиокітаптар, 20 дана жайпақ-баспалы әдебиеттермен толықтырылған. Бөлімде зағип және көзі әлсіз көретін азаматтарға, «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» филиалы қызмет алушыларына, психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті мекемесінің тәрбиеленушілеріне, барлығы- 132 оқырманға қызмет көрсетілуде.
2020 жылы «Рухни қазына» республикалық фестивалінде «Үздік ауылдық кітапхана» номинациясын Айшабибі ауылдық кітапханасы жеңіп алды.
2021 жыл Жамбыл облыстық Арнайы Кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Ерекше балалардың ерекше әлемі» атты облыстық байқауына қатысып, белсенділік танытқаны үшін Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жанынан ашылған зағип және көзі әлсіз көретін азаматтарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Жарылқасын Жұлдызай Уәлиханқызы 1ші дәрежелі дипломмен марпатталды.
2021 жыл Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Ерекше балаларға арналған ерекше кітаптар» республикалық байқауының жеңімпазы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылының кітапханашысы Жарылқасын Жұлдызай Уәлиханқызы 2 орын дипломымен марапатталды.
2021 жыл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында «Әлемді кітап арқылы таныимын» көркем әдебиет туындыларын ең көп оқитын оқырмандар арасында өткен «Әлдихан Қалдыбаев» облыстық байқауда Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының белсенді оқырманы Ешназар Гүлдария бас жүлдені иеленді.
2021 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен а.ж 11-16 қазан аралығында «Ең үздік ауылдық кітапхана-2021» облыстық байқауға Бектөбе ауылдық кітапханасы қатысып, 1-ші орынды иеленді.
2022 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап-алтын қазына» облыстық тактильді кітаптар фестиваліне аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Уркумбаева Айгерім Маратқызы қатысып, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханашы-ХХI ғасыр мамандығы» тақырыбында өткен «ЖЫЛ МАМАНЫ-2022» байқауының бас жүлде иегері Ақбұлым ауылдық кітапханасының кітапхана меңгерушісі Жүнісбекова Гүлзат Назарқызы марапатталды.
2023 жылғы 16 мамыр күні халықтың кітап оқу белсенділігін арттыруға бағытталған «Оқитын ұлт» республикалық жобасының «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» бағыты бойынша Мойынқұм ауданында «Туған өлкенің мерейтой иелері» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырып, кітапхана ұжымы Мойынқұм ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
2023 жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы Зағиптар мен көзі нашар көретін арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен Авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың туғанына 100 жылдығына орай «Белые журавли:
исповедь Расула Гамзатова» Халықаралық онлайн байқауына белсене қатысқаны үшін Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің кітапханашысы Уркумбаева Айгерім Маратқызы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Мәдениет басқарамасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасы-алтын діңгек» облыстық отбасылық байқауында Гродеково ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы
Гүлшат Кайпназарова Амзеевтер отбасын дайындап, жүлделі II орынды иеленіп, II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған «Саусақ ұшындағы инклюзия» облыстық байқауында Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің кітапханашысы Уркумбаева Айгерім Маратқызы жүлделі 2-ші орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында және Жамбыл ауданының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған ата-ана мен бала қарым қатынасын жетілдіру
мақсатындағы «Ана мен қыз» аудандық отбасылық байқауында Гродеково ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Гүлшат Кайпназарова I орын иеленіп, дипломмен
және сертификатпен марапатталды.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ұйымдастырған "Ерекше кітаптар әлемі" жобасы аясында "Саусақ ұшындағы инклюзия" республикалық байқауында Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің кітапханашысы Уркумбаева Айгерім Маратқызы бас жүлде иеленді.
2023 жыл Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Үздік ауылдық кітапхана - 2023» облыстық байқауының Бас жүлдесін Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылдық кітапханасы «Үздік ауылдық кітапхана - 2023» жүлдесін иеленді.