Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Директор

 

Қалисаева Аида Қуанышқызы 1969 жылы 10 шілдеде, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келді. .

1976 жылы Аса ауылыдағы «Жеңістің 30 жылдығы» атындағы мектепке 1 – ші сыныбына барып, 1986 жылы осы мектепті тамамдады .

1986 жылы аудандық Пионерлер үйіне үйірме жетекшісі ретінде жұмысқа қабылданды.

1990 жылы Шымкент педагогикалық – мәдениет институтының сырттай бөліміне түсіп, 1995 жылы кітапханашы – библиограф мамандығын алып шықты.

1991 жылы Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аудандық орталық кітапханасына балалар жұмысы жөніндегі әдіскер ретінде жұмысқа қабылданды.

1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметінде.

2000 жыл – Мәдениетті қолдау жылы Жамбыл облысы мәдениет басқармасының мақтау грамотасын иеленді.

2013 жыл – «Кітапханалар астанасы» аталған Тараз қаласында өткен «Жаңа қоғам кітапханаларындағы инновациялар» атты республикалық конференцияға қатысқаныңыз және кітапхана ісі оқумәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін.

2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласында өткізілетін мерекелік шараға белсенді қатысқаны үшін -Алғыс хат.

2016 жыл – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Алғыс хатпен марапатталды. 2017 жыл Жамбыл облысы әкімінің Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Алғыс хатпен марапатталды.

2017 жылы 21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыстың мәдениет саласына қосқан қомақты үлесі үшін Жамбыл облысының әкімі К.Көкрекбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

2017 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін және 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовтың құрмет грамотасымен марапатталды.

2018 жылы «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Манжуовтың құрмет грамотасымен марапатталды.

2019 жылы әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі және ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, өнерге деген талпынысы мен шығармашылық қабілеттілігі үшін және Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер күніне орай Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2019 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.