Бөлімнің негізгі көрсеткіштері
Аудандық орталық кітапхананың қызмет көрсету (абонемент) бөлімінде 18504 кітап қоры бар. Оның ішінде 16213 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер.
Оқырмандар саны – 1302, Келушілер саны – 8776, Кітап берлімі – 18183 дана:
Мемлекеттік тілде 14144.
Бөлім көрсететін қызметтер:
- оқырмандардың бойында ақпараттық мәдениет пен кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
- қоғамның кітап оқымайтын топтарына оқуды насихаттау
- кітапханадан тыс жылжымалы кітапханаларды ұйымдастыру
Бөлім әр түрлі топтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Атап айтқанда зейнеткерлер мен мүгедектермен жұмыс атқарылуда. Бұл жұмыс екі бағытта атқарылады: денсаулығына байланысты кітапханаға қатынай алмайтын адамдарға үйде қызмет көрсету және кітапхана қабырғасында бос уақытты ұйымдастыру.
Бөлім ұйымдастырады:
Мәдени – көпшілік шаралар, әдеби вебинар, библиотерапия сағаты, онлайн кештер, вертуалды саяхат, әдеби серуен, поэзия кештері, оқырман бенефисі, поэзиялық батыл, флэш-моб, кітапхана-квест, кітап
аукционы, әдеби лото, фристайл – импровизация кеші, репортаж кеші.
Кеңейтілген, ұзақ мерзімге шығарылатын көрмелер, әдеби жәрмеңке, еске алатын атаулы күндерге арналған көрмелер, кітапханалық квилт, әңгімелер, кітап көрмелеріне шолулар, пікір-талас көрмесі.
Абонемент бөлімі кітапхананың жеке абонемент арқылы әдебиеттерді уақытша үйге пайдалануға беру жұмыстарын іске асыратын құрылым болып табылады.
Оқырмандар деңгейіне қарай сұраныстарға дифференциялық қызмет көрсетеді;
Жаңа оқырманға ақпараттарды қалай алу керектігін, анықтама аппаратымен қалай қолдану керектігін түсіндіріп – үйрету (каталог, картотекалар)
Оқырман сұранымдарын тез және сапалы етіп орындау
Қызмет көрсету бөлімінің істейтін күнделікті жұмыстары: кітаптарды жөнімен қою, берілген, қайтарылған кітаптарды тіркеу, оқырманды ақпарат жаңалықтарымен хабардар ету, ақпараттық білімнің жоғары болуына қолғабыс ету.

Кітапханашы
Асхатаева Құралай Асханбекқызы

Кітапханшы
Құрымбаева Ақдана Отызбайқызы
https://kitaphana-asa.kz/audandy-kitapkhana/abonement-o-yrmandar-a-yzmet-k-rsetu-b-limi.html#sigFreeId67f32bc2d8












