Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар

Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімі Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімі 2018 жылдың 4 шілдеде ашылып, жұмыс атқаруда. Бөлім ашу үшін жергілікті бюджеттен 4120,0 млн теңге бөлінді. Оған арнайы құрылғылар: компьютер арнайы бағдарламасымен баспа машинасы, оқу машинасы, тифломагнитола, брайль кітаптары мен дискілер алынды. Атап өтетін болсақ, бөлім арнайы дыбыстандырылған бағдарламасы бар компьютермен жабдықталған. Ол құралмен зағип жандар ғаламтордан керекті мағлұматтар алады. Арнайы оқу машинасы жайпақ баспалы кітапты дыбыстап оқиды. Тифломагнетола арқылы аудиокітаптар тыңдаса, жазу машинасымен қажетті мәтінді жазып шығарады, сонымен қатар бөлім қорында 142 Брайль нүктелі шрифтті, 42 аудио және тактильді кітаптарымыз бар. Бөлімнің мақсаты: Зағип жандарды мәдени-рухани сауықтыра отырып, кітапты оқу арқылы әсемдікке, өнерге баулу, өмірге деген құштарлығын арттыру, мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігінің шексіз екендігін қоғамға айқындап көрсету. Бөлім аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында орналасқан.