Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Кітапхана ережесі

Жалпы ереже

  1. «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қолдану ережесі Қазақстан Республикасының «Мәдениет» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының  «Тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен сақтау туралы Заңы», «Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы, 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен бекітілген,
  2. Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдары, электронды жеткізгіштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.
  3. Кітапхана қоры - Қазақстан Республикасының біріккен кітапхана қорының негізгі бөлігі және мемлекет қарауында болып табылады.

Кітапхананы пайдалану тәртібі

  1. Кітапхана өңір тұрғындарына, олардың кәсіби қызметі, діни және саяси көзқарастарына қарамастан және қандай да болса меншік құқығындағы заң тұлғаларына шектеусіз қызмет көрсетеді. 
  2. Кітапхананың оқу залы, абонементтік қамтамасыз ету бөлімдері,апараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі пайдаланушыларға ақпараттық және кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетеді.
  3. Кітапханаға жазылу үшін пайдаланушының жеке куәлігі болу керек. Пайдаланушының кітапханаға жазылу барысында кітапханашы оған арналған жеке формуляр толтырады.
  4. Әр пайдаланушы кітапханаға жазылу кезінде міндетті түрде кітапхананы пайдалану Ережелерімен таныстырылады. Ережелерде көрсетілген міндеттемелермен және оларды орындауға жауапкершілікпен келісетінін растап өзінің қолын қояды.
  5. Пайдаланушы өзінің қолын қою арқылы кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кітапхана қызметіне жүгінетін тұрғындар әлеуетін зерттеуге, кітапхананың статистикалық есебін жүргізуге, мекен-жайлық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін пайдаланушылардың дербес деректерін өндеуге келісім береді.
  6. Әр жыл сайын кітапханада міндетті түрде қайта тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Қайта тіркеу барысында пайдаланушылар өздерінің жеке куәліктерін ұсынады. Сонымен қатар, пайдаланушылар кітапхананың есеп құжаттарында көрсетілген өздері жайлы қандай да болса мәлімет: мекен-жайы ауысып,  аты-жөні немесе тегі өзгерген жағдайда, ол жайлы кітапханашыларды ақпараттандыруға міндетті.
  7. Аудандық, ауылдық кітапхана қызметтері мен оның жұмыс уақыты туралы ақпаратты 2-20-10,2-12-15 телефоны арқылы білуге болады.

Кітапхана міндеттері

Кітапхана:

  1. Абонемент қорына пайдаланушылардың  қолжетімділігі мен оны еркін пайдаланылуын қамтамасыз етуге.
  2. Кітапхана қорының құрамы жайлы толық ақпарат ұсынуға.
  3. Басылым шығармалары мен басқа да құжаттарды іздеу әрі таңдау барысында пайдаланушыларға кеңестік көмек көрсетуге.
  4. Кітапхана көрсететін барлық қызметтер туралы пайдаланушыларды толық ақпараттандыруға.
  5. Өзінің қорлары мен қызметтерін насихаттауға.
  6. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы пайдаланушыларға көрсетілетін кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметті жетілдіруге.
  7. Пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет мәдениетін олардың кітапханада жұмыс жасауға барлық ыңғайлы,  әрі жайлы жағдай жасауға.
  8. Пайдаланушыларға аса қажетті басылымдар кітап қорынан табылмаған жағдайда кітапханааралық абонемент қызметі арқылы оларды басқа кітапханалардан сұратуға.
  9. Пайдаланушыларға үйге берілген кітаптар мен басқа да құжаттардың дер кезінде қайтарылуын жүйелі түрде қадағалауға.
  10. Пайдаланушылардың жеке мәліметтерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге.
  11. Кітапхана пайдаланушыларының алдында оларға көрсетілетін қызмет аясында құқықтарының сақталуы жайлы есеп беруге.
  12. Өз қызметі аясында пайдаланушылардың ұсыныстары мен ескертулерін ескертуге міндетті.

Кітапхана құқықтары

Кітапхана:

  1. Кітапхананы пайдалану Ережелерін орнату және оларға өзгертулер мен қосымшалар енгізуге.

2.Пайдаланушылардың жеке мәліметтерін сұратуға.

3.Кітапхана көрсететін ақылы қызметтің құнын анықтап, үйге берілген басылым мен құжаттардың мерзімін және олар уақытылы қайтарылмаған жағдайда материалдық шығын мөлшері мен оның жауапкершілігін анықтауға.

  1. Кітапхана Ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін пайдаланушыларды уақытша немесе тұрақты кітапхана қызметін пайдалану құқығынан айыруға құқылы. 

Кітапхана жауапкершілігі

Кітапхана Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамаға, кітапхана Ережелеріне сәйкес өз қызметтерін тиісінше орындағаны үшін жауапты.

Пайдаланушы жауапкершілігі

Пайдаланушы кітапхана Ережелерін сақтамағаны үшін материалдық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады.