Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Фариза Оңғарсынова 2013

 

 «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын Қазақстанның халық жазушысы Ф.Оңғарсынованың «Дауа» кітабы бойынша «Жыр бәйгесінің ақ боз аты» атты жыр байқауы жас оқырмандар арасында өтті.

Байқау екі кезеңнен тұрды.

Кеш барысында кітапханашылар Ф.Оңғарсынованың еңбегі, өмірі, шығармашылығы жайлы толық мәліметтер берді.

Кеш қонақтары: 1. Оспанова Жансая – аудандық тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

  1. Рахымбекова Венера – Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
  2. Меркібаева Айнұр – Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
  3. Көпжасарова Шолпан – балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі
  4. «Шұғыла – Радуга» – газетінің тілшісі Ситалиева Күнзипа қатысып отырды.

         І – ші кезең бойынша «Жыр арқауы – Фариза» тақырыбында ақын өлеңдерін байқауға қатысушылар жатқа айтып, бас жүлдені Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы – Бейсен Олжас  «Туған жер, туған ауыл» жыр шумағымен иеленсе,  1 – ші орынды Гагарин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы – Замадинова Тұрсынай алды, 2 –ші орынды Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Кәрібаев Пернебек, Егембердиев Еркебұландар иеленді. Ал 3 –ші орынды – Гагарин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Алмаш Жұлдыз қанағат тұтты.

         ІІ – ші кезең бойынша «Көңілден шыққан жырлар» тақырыбында аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының «Бұлақ көрсең көзін аш» атты ақындар үйірмесінің жас талаптары өз шығармашылық арнауларын оқып, сынға түсті.

         ІІ – ші кезең бойынша

         1 – ші орынды – Гагарин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы А.Айдарбекова иеленсе

         2 –ші орынды  – Гагарин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы А.Пердешова алды

         3 –ші орынды – Гагарин атындағы орта мектебінің  6 сынып оқушысы Ұ.Сансызбаевалар иеленсе, Д.Тоқтасынова, А.Керімбековалар алғыс хатпен марапатталды.  Әділқазы алқасының мүшесі  Ж.Оспанова кешті қорытындылап, байқауға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, жас талаптарға биік шыңнан көріне беріңдер деген тілегін айтып жеңімпаздарды марапаттады.

Кеш соңына ақын Фариза апамыздың кешіне арнайы ұйымдастырылған «Жүрегім – жалын жанартаудай» атты кітап көрмесін кітапханашы А.Құрымбаева таныстырып, шолу жасады.