Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Сайын Мұратбеков 2014

Кеш қонақтары кітапхананың үздік оқырмандары, зейнеткерлер Е.Қуатов, А.Базарова, Х.Қарабалиева, «Шұғыла-Радуга» газетінің бас редакторының орынбасары жергілікті ақын, фантаст жазушы Б.Төлентаев қатысты.

Бірінші  ой шақыру бөлімінде жазушының өмірі мен шығармаларына арналған сұрақтар қойылып, белсенді жауаптар алынды. Екінші бөлімде «Бір ел- бір кітап» акциясында С.Мұратбеков  «Жусан иісі», «Басында Үшқараның..» шығармалардан үзінді оқылып, оқырмандар белсенді жауап беріп отырса, үшінші бөлімде кештен түйген,  шығармалары бойынша ой-пікірлерін ортаға салып, жиналған қауымды қызықтыра түсті. Кеш соңына қонақтарға сөз кезегі беріліп, С.Мұратбековтің шығармалары жайлы қысқаша ойларын айтып өтсе, іс-шараға арнайы ұйымдастырылған «Жүректерді баураған «Жусан иісі» атты кітап көрмесіне қызмет көрсету бөлімінің кітапханашы Н.Манабаева таныстырып, библиографиялық шолу жасалды, «Сайын Мұратбеков прозасы –алтын ғасыр әдебиетінің маржаны»  атты слайд көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара барысында  қатысушыларға сауалнамалар мен жарнамалық парақшалар таратылды.