Жазушы Қазақ ССР мемлекетінің сыйлығының лауреаты, танымал жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын насихаттау, бүкіл ел бір уақытта бір кітапты оқып талқылау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу, мақсатында Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша тақырыптық кеш мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен жастар арасында өтті.
Кешті қызмет көрсету (абонемент) бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева жүргізіп, «Бір ел – бір кітап» акциясының өту тарихына шолу жасап, кеш қонақтарын таныстырды. Кеш қонақтары: ішкі саясат бөлімінің басшысы: Е.Бегалиев, «Шұғыла - Радуга» газетінің тілшісі Б.Төлентаев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы: Б.Сырлыбаев, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің тарих пәнінің ұстазы: Н.Малдыбаев, кітапхананың тұрақты оқырманы К.Ситалиева, 1 топ мүмкіндігі шектеулі кітапхана оқырмандары Қ.Оңғарбаева, З.Тоқтасынова, К.Аралова, Ж.Аралова қатысты.
Екінші кезеңінде қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Н.Манабаева І.Есенберлиннің өмірі мен шығармаларын таныстырса, кітапханашы Л.Есмурзаева «Көшпенділер» трилогиясына шолу жасады.
Үшінші кезең келген қонақтарға сөз беріп «Көшпенділер» триологиясы бойынша ой – пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға кеш қонақтары белсене жауап берді. К.Ситалиева осы шығармадағы аңызды тебірене көпшілікке әңгімелеп берді. Іс- шара барысында «Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер» слайд, «Көшпенділер» киносынан үзінді көпшілік назарына ұсынылып, «Халқымыздың тау тұлғалы жазушысы» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды. Кешті аудандық орталық кітапхананың директоры А.Қалисаева қорытындылап, мүмкіндігі шектеулі қонақтарға кітапхана атынан сыйлықтар тапсырды.