Жастардың кітап оқуға деген ынта-ықыласы мен қызығушылығын арттыру, сүйіп оқитын авторларымен жүздесуіне мүмкіндік жасау, дарынды жастардың шығармашылығын шыңдау, елдіктің жырлаушысы, еркіндіктің жоқшысы ақын Дулат Бабатайұлының өмірін, шығармаларын терең таныстыру. Әлеуметтік және тәрбиелік мәні зор, туған жердің сұлулығы, рухани дүниесі бай мазмұндағы өлеңдерін, поэмалары мен әңгімелерін оқуды насихаттау мақсатында аудандық орталық кітапхананың оқу залының кітапханашысы Н.Манабаеваның ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы барысында ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен көрнекті ақын Д.Бабатайұлының «Өсиетнама» атты кітабы бойынша «Әдебиетіміздің асыл мұралары» атты ашық есік күні ауыл тұрғындары арасында өтті. Іс-шараны кітапханашы Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашып, қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева акцияның шығу тарихымен таныстырып, «Бір ел-бір кітап» акциясының 10 жылдығына орай кітап шеруі шығарылды. Шара барысында кітапханашысы А.Қырықбаева Д.Бабатайұлының өмірбаяны мен шығармалары жайлы мағлұмат берсе, Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы З.Хожамкулова «Өсиетнама» кітабы бойынша «Еспембет» дастанын, жастар тәжірибиесі бойынша жас маман Османова Бәтес «Бір патша» атты мысал өлеңін, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Д.Тоқтасынова «Ата қоныс арқадан» атты өлеңін, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы М.Тоқтасынова «Қайғылыны уаттым» атты өлеңдерін жатқа айтып, көпшілік ықыласына бөленді. Кітапхана оқырманы К.Ситалиева «Бір ел-бір кітап» акция аясында кітап шеруімен танысқанын тілге тиек етіп, кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді. «Дуалат дәуірі мен ақындығы» атты кітап көрмесін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева таныстырды. «Дулат Бабатайұлы» тақырыбында слайд ұсынылды. Іс-шара соңында АОКЖ директоры Қалисаева Аида Қуанышқызы «Кітапханаға бүгін жазылып, сыйлыққа ие болыңыз» атты акцияны қортындылап, дәл осы күні кітапханаға оқырман болып тіркелгені үшін оқырмандарға сыйлық ұсынып, алғысын білдірді.
Бір ел бір кітап 2016 жыл Д.Бабатайұлы