Биылғы жылғы «Бір ел- бір кітап» акция аясында ақын, ағартушы - демократ Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары бойынша «Сұлтанмахмұт – ғажайып біртұтас әлем» тақырыбында әдеби мерекелік кеш өтті. Іс-шара барысында «Елін жырлаған – Сұлтанмахмұт Торайғыров» бөлімінде жыр-шумақтарды Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушылары: Б.Дүйсеналиева «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам», А.Нұрышева «Бір адамға» және 6 «Ә» сынып оқушысы М.Алипчиева «Бұларкім?» атты өлеңдерін жатқа айтса, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 9 «В» сынып оқушылары: А.Қалисаева «Туған еліме», Сағындық Ұлпан «Ендігі беталыс» және Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушылары: Б.Жарылқасынова «Адамның қасиеті хам бақытқа талпынуы», Х.Алтынбек «Рухани қысымша» атты өлеңдерін жатқа айтып, көпшілік ықыласына бөленді. Кеште ақынның «Зарландым» әңгімесінен уақиға желісі бойынша көрініс көрсетілді. Кеште кітапхананың зейнеткер оқырмандары: Ж.Демеуов пен Б.Төлентаев «Бір ел-бір кітап» акция аясында кітап шеруі мен танысқанын тілге тиекетіп, өз ойларын айтып, С.Торайғыров шығармаларын оқуға шақырып, кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді.
С.Торайғыров Бір ел - бір кітап 2017