«Жыл кітабы-2018» Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бауыржан Момышұлы және Немат Келімбетов сынды еліміздің танымал жазушыларының шығармаларын оқуды ұсынылғанын хабарлау барысында «Дара тұлғалардан қалған мол мұра» әдеби жәрмеңке жастар мен ауылдық кітапханашылар арасында өтті. Іс-шара барысында «Көркем әдеби мұра» тақырыбында ақын-жазушылардың шығармалары жайлы мағлұмат беріліп, «Өшпес рухты үш тұлға» атты кітап көрмесі қойылып, «Ұлылар ұлағатының үндестігі» слайд көпшілік назарына ұсынылды. Кеште Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологын үзінді оқылып, «Шәкәрім туындыларының көркемдік келбеті» бөлімінде жыр-шумақтарды Нұртай Қаламқас –8 «Г», «Қазақ», Рахимова Айкен – 8 «Г», «Өсиет», Раджапова Нұрай – 9 «Б», «Ақыл мен парасат», Жұмабай Аружан – 8 «Г», «Өмір» өлеңдерін жатқа айтты. Сонымен қатар, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, «Жетітөбе» БПҰ төрағасы Малдыбаев Нышанбек Сматұлы – Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы жайында әңгіме өрбітіп, деректер мен жалғасын тапты.