Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл толуына орай
'
Аудандық орталық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаеваның ұйымдастыруымен «Оқитын ұлт» жобасы аясында Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл толуына орай «Бір ел- бір кітап» акциясына арналған кітап көрмесі №1 орта мектеп оқушыларына ұсынылды. Мақсаты: Ұлттық құнды¬лық¬тарды жаңғырту, дәріптеу, ел руханиятын көтерген тұлға¬ла𬬬дың тағылымды шығарма¬шы¬¬лығымен таныстыру және 2022 жыл кітабы А.Байтұрсынұлының шығармаларын насихаттау. «Бір ел- бір кітап»атты көрме екі бөлімнен құралған. «Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» атты бірінші бөлімде 2007 жылдан- 2021 жылға дейінгі жыл кітаптарын қамтыған. Ал екінші «Ұлағатты ұлт ұстазы» атты бөлімде әдебиет зерттеуші ғалым Ахмет Байтұрсынұлы¬ның 150 жылдық мерейтойына орай ¬ел үшін аянбай атқарған қызмет¬тері мен еңбектері жайында деректер, әдебиеттер ұсы-нылды. Көрмеге қойылған әдебиеттерге кітапханашы жеке-жеке тоқталып, әдебиеттерге шолу жасады. Іс-шараға №1 орта мектебінің білім алушылары қатысты.
https://kitaphana-asa.kz/bir-el-bir-kitap/499-2022.html#sigFreeId708e80c44f












