Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
2023 жыл

Жазушының сырлы дүниесі.

Аудандық кітапхананың ұйымдастырумен «Бір ел-бір кітап»акция аясында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдікұлының шығармаларына арналған «Жазушының сырлы дүниесі» тақырыбында әдеби орындық кітапхана оқырмандары мен тұрғындарының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Жастарға жазушы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармаларын жан-жақты насихаттау, рухани мұрасы жайлы терең зерттеуге ынталандыру және қызығушылықтарын ояту.

Көрмеге Т.Әбдікұлының өмірі мен шығармашылық қызметіне қатысты материалдар: энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар,жазушының шығармаларынан «Парасат майданы» таңдамалы шығармасы, «Өліара» романы, «Таңдамалы» роман және повестер, «Оң қол» әңгімелері енген шығармалары іс-шараға қатысушыларға таныстырылды.

30 маусымда аудандық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ә.Балқыбекованың ұйымдастырумен«Оқитын ұлт» жобасы бойынша «Бір ел-бір кітап»акция аясында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдікұлының шығармаларына арналған «Суреткердің парасат биігі»онлайн бейне көрсетілім көпшілік назарына ұсынылды.

Мақсаты: Жастарға жазушы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармаларын жан-жақты насихаттау, рухани мұрасы жайлы терең зерттеуге ынталандыру және қызығушылықтарын ояту.
Кешті кітапханашы дыбыстық видео арқылы кіріспе сөзбен бастап, жазушының өмірдерегі мен шығармаларын баяндап, «Бір ел- бір кітап» акциясының тарихын таныстыра отырып, шолу жасалды.

Бейне-көрсетілімді кітапхананың үздік оқырманы Мұхамедқалиев Айтқалаи Т.Әбдіктің «Парасат майданы»шығармасын бейне ролик арлықылы әңгімелеп берді. Кітапхана сөрелерінен орын алған Т.Әбдіктің «Парасат майданы» таңдамалы шығармасы, «Өліара» романы, «Таңдамалы» роман және повестер, «Оң қол» әңгімелері енген шығармаларын кітапханашы таныстырып,библиографиялық шолу жасады.

17 қарашада аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде «Бір ел-бір кітап» акция аясында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдікұлының шығармаларына арналған «Халықты сүйген қаламгер» тақырыбында әдеби серуен кітапхана оқырмандары мен ауыл тұрғындарының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Көпшілікке жазушы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын ояту, жазушының рухани мұрасы жайлы терең зерттеуге ынталандыру, Төлен Әбдіктің шығармаларын жан-жақты насихаттау, оқырмандарды Төлен Әбдіковтің әдеби мұрасымен таныстыру.

Әдеби серуенде «Суреткердің парасат биігі» әдеби көрмеге шолу жасалды. Көрмеге қойылған «Бір ел- бір кітап» акция аясында жыл кітабы таныстырылды.