Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көрікті ой, көркем тіл» атты тәтті викторина
Аудандық орталық кітапхананның ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясында Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көрікті ой, көркем тіл» атты тәтті викторина оқырмандар арасында өтті.
Мақсаты: Жастарға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру; жастардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; жастарды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту
Кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А. Құрымбаева кешті жүргізіп отырды. Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы көпшілікке таныстырылды
Кешке арнайы жасақталған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Нәтижесінде: жазушының өмірдерегі және шығармалары насихатталды 19 оқушы қатысып, 1оқырман кітапханаға жаңадан тіркелді.
Аудандық орталық кітапхана оқырмандарына арналған «Оқитын ұлт» жобасы бойынша «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында Бердібек Соқпақбаев - туғанына 100 жыл толуына орай «Менің атым Қожа» тақырыбында Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып шәкірттері арасында кітап талқылау кеші өтті.
Мақсаты: Жастарға «Бір ел- бір кітап» акция тарихын танытыру, жыл кітабы-2024 жазушы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен әлемге танылған әйгілі шығармасытуралы білім беру, толықтыру, өткенді еске түсіру. Жастардың ой-өрісін, қызығушылықтарын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тәртіпке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Кеш қонағы: Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мұғалімі Кемелбекова Айгерім Бауыржанқызы қатысты.
Кешке "Бердібек Соқпақбаев - балалар әдебиетінің классигі"атты кітап көрмесін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева таныстырып, библиографиялық шолу жасады және «Халқын сүйген қаламгер» слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/bir-el-bir-kitap/501-2024-zhyl.html#sigFreeIda0e0084690












