Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
2025 жыл

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Бір ел- бір кітап» акция аясында жыл кітаптарын насихаттау бойынша «Қаламгерлер ¬– руханият шырақшысы» тақырыбында оқырмандар арасында әдеби кеш өтті.

Мақсаты: «Бір ел- бір кітап» акция аясында жыл кітаптары – 2025 ұлтымыздың көрнекті ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұлов пен көрнекті ақын, жазушы, аудармашы Жұмекен Нәжімеденовті насихаттау бойынша өмірлері мен шығармашылық жолдарын көпшілікке таныстыра отырып, шығармаларына шолу жасап, осы туындыларды оқуға кітапханаға шақыру.

Әдеби кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева жүргізіп, «Тарихтан тағылым тартқан» тақырыпта кіріспе сөзбен ашып, «Бір ел- бір кітап» акция тарихын, 2007 жылдан бері аталмыш акция насихатталып келе жатқанын, биылғы жылы 18 рет өткізіліп тұрғанын тілге тиек етіп, 2025 жыл кітаптарының таңдауына ұлтымыздың көрнекті ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұлов пен көрнекті ақын, жазушы, аудармашы Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалары таңдалғанын айтып, «Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» тақырыбында көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Оқырмандар өздеріне қызықты болған шығармалары жөнінде пікір таластырып ойларын білдіріп жатты.

Нәтижесінде: кітапханамыздың оқырмандары үшін осындай жазушы ағаларымыздың қолынан шыққан туындылары жүректеріне, көңілдеріне үлкен жылу береді деген байламға келдік. Іс-шараға 13 адам қамтылды.