Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ - нің ұйымдастыруымен Тастөбе ауылдық клубында Тастөбе, Еңбек, Ащыбұлақ, Шайдана ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен «Өлкеңді таны, тұлғаңды құрметте!» атты аудандық кітап керуені.
Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әділқазылар: Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Сансызбай Махамбетқұлов, Жамбыл ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жансая Оспанова, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Гүбағира Сулейменова, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографы Мадина Құлшымбаева.
Кеш қонақтары: Көлқайнар ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Құдайбергенов Жарқынбек, Қарасу ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдашев Арқабай, жергілікті айтыскер ақын Исақов Айтмұхамбет, Еңбек ауылының ақсақалы Орынбаев Тоқтасын, ауыл әкімі Қонаров Асылбек, Ащыбұлақ ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Алдашев Архабай.
Кешімізді Қарасу ауылдық округінің “Ақ әжелер” - ансамблі әжелеріміздің қарсы алуымен бастау алып, Тастөбе, Еңбек, Ащыбұлақ, Шайдана ауылынан шыққан зиялы тұлғаларымен, ауыл тарихымен таныстырды. Кеш барысында Г.Байболова жергілікті айтыскер ақын Айтмұхамбет Исақовтың «Ащыбұлақ» әніні орындады. Кітапхана оқырмандары көркем сөз үйірмелерінің мүшелері Оңланбек Інжу, Нұрмахан Тілегеновтің «Үлкенге құрмет» Қожамжар Нұргүл, Сұлтан Қалиевтің «Айналама қарасам», Досым Абай Наурызбек Саршаевтің «Жазғы таң», Рәпілбек Заңғар Қырықбаев Арқабектің «Туған жер», Бает Жансая Қуаныш Ауғанбаевтің «Өтіп жатыр бұл өмір», Сансызбай Мадина Қуаныш Ауғанбаевтің «Тараз аспан, жергілікті ақындардың өлеңдерін оқып көпшілік көңілінен шықты. Кеш «Елге сәлем» әнімен жалғасын тауып, кітапханашылардың орындауында «Интернетсіз бір күн» көрінісін қойып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Еңбек ауылының үйірме жетекшісі Әбденбаев жеңісбек «Туған жер» толғауын орындады. Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына 1 минут тағзым етілді, Әкім Тарази тірек мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Олжатаев Алтынханның ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру жүріп өтті. Г.Байболова «Әлия», «Катюша» әнін орындап, Еңбек ауылының кітапханашысы Төленова Жанат осы әнге соғыс жылдарындағы Әлияның ерлік пен снайпер көрініс келтіріп көпшілікке тарту етсе, «Көркем сөз» үйірмесінің қатысушысы Досым Абай «Бауыржан Момышұлына» арнау оқыды. Кеш соңы Шайдана ауылдық кітапханашысы «Атамекен» әнімен аяқталды.
https://kitaphana-asa.kz/kitap-o-ityn-lke/434-lke-di-tany-t-l-a-dy-rmette-atty-audandy-kitap-kerueni-2.html#sigFreeId2c29a1e47b