Аудандық орталық кітапханада «Оқитын ұлт» жобасы аясында балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу барысында «Кітап - біздің досымыз» тақырыбында Бауыржан Момышұлы мектеп-гимназиясы жаздық лагерь балаларын кітапханаға саяхатқа келді
Саяхатқа келген балаларды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Асхатаева қарсы алып, жетекші мұғалімдері мен бүлдіршіндерді кітапхана бөлімдерді аралап, қордағы балаларға арналған әдебиеттермен танысып, ертегі кітаптарды оқып, кітапхананың тыныс-тіршілігімен кеңінен танысты. Сондай-ақ, балаларға коворкинг орталығында «Барша әдебиеттің бастауы - балалар әдебиеті» тақырыбында жасақталған кітап көрмесіне аудандық орталық кітапхананың библиографы Ақерке Мамашариева шолу жасап, таныстырды. Саяхаттаушыларға «Мақал-сөздің маржаны» тақырыбында мақалды табу ойыны ойнатылып, бүлдіршіндердің барлығына атсалысқандары үшін тәттілер таратылып, «Қошқар мен теке», Бибігүл «мақтаншақ қыз» қазақ мультфильмдерін тамашалады.