Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Жергілікті қаламгермен рухани жүздесу кездесу кеші

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазушымен бір күн» облыстық жобасы аясында Жамбыл ауданының жергілікті қаламгері Қайрат Отарбаевпен «Жергілікті қаламгермен рухани жүздесу» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Жергілікті қаламгер Қайрат Отарбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, туған өлке әдебиетін дәріптеу, жас ұрпақты кітап оқуға, әдебиетке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Кітапханашы Л. Есмурзаева іс-шара барысында жергілікті қаламгер Қайрат Дәулетқұлұлы Отарбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына кеңінен тоқталып өтті. Қаламгердің туған жер тақырыбына арналған еңбектері мен көркем туындыларында ел тарихы, ауыл өмірі, адамгершілік құндылықтар мен ұлттық болмыс айқын көрініс табатынын атап өтті.
Кеш қонақтары: қаламгерлік жолына бағыт-бағдар берген Байтанағали Төлентаев, Төлеген Үрістембекұлы,Төлеген Байсүгіров қатысты.
Кешке келген қонақтар қаламгер шығармашылығы туралы ойларын ортаға салды.
Ұстазы Төлеген Үрістембекұлы, жас ақын Спандияр Мақсатұлы, ақын Эдиса Мамбеталиева Қайрат Отарбаевқа шығарған арнауларын оқып берді.
Спандияр Мақсатұлы әсем әннен шашу шашып кешке келген қонақтардың көңілін көтерді.
Кеш соңында «Қарымды қаламгер» көрмесі таныстырылды.