Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен оқырман мен кітапты жақындастыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Зерделі Қазақстан: кітаппен бірге – жарқын болашаққа!» атты әдеби-мәдени іс-шара өтті.
Іс-шара барысында кітапхана қорындағы таңдаулы әдебиеттерді оқырман назарына ұсынатын бірнеше тақырыптық кітап көрмесі таныстырылды. Атап айтқанда, «Бір ел – бір кітап», «Ел болып оқимыз», «Жазушымен бір күн», «Жергілікті ақын-жазушылар», «Жаңа кітаптар» көрмелері арқылы қазақ әдебиетінің құнды туындылары, заманауи шығармалар мен жергілікті қаламгерлердің еңбектері насихатталды.
Әдебиеттің қадірін арттырып, жергілікті қаламгерлер шығармашылығын кеңінен таныту мақсатында «Қаламгермен сұхбат» алаңы ұйымдастырылып, жергілікті қаламгер Сембек Пірімқұловпен тағылымды кездесу өтті. Сұхбат барысында қаламгердің шығармашылық жолы, әдебиетке деген көзқарасы және оқырманмен байланысы жөнінде әңгіме өрбіді.
Кітап оқуды отбасылық дәстүрге айналдыруды көздеген «1 минут – 1 кітап» акциясы да ерекше мазмұнмен толықты. «Әке оқыған кітап», «Ана оқыған кітап», «Әже оқыған кітап» бағыттары бой












