Совет Рақымбайұлы Әлімқұлов
Әлімқұлов Совет Рақымбайұлы (22.02.1938, Жамбыл облысы, Луговой ауданы - 18.02.1992, сонда) - ақын. Жамбыл қаладағы мәдени-ағарту училищесін (1958), қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін (1974) бітірген. Луговой, Мерке, Красногор ауданы газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары; 1977 – 91 жылдары Жамбыл ауданында «Шұғыла» газеті редакторының орынбасары, 1991 – 92 жылдары «Әулиеата» газетінің редакторы болып қызмет істеді. Лирик ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш кітап» деген атпен 1969 жылы жарық көрді. Содан бері оның «Жазушы» және «Жалын» баспаларынан «Жайсаң жер» (1968), «Күн көсем» (1970), «Қыран» (1971), «Еліктің лағы» (1972), «Өрімтал» (1974), «Қол айна» (1980), «Сыбызғы» (1982), «Ықылас» (1984), «Ораласың ба, көктемім» (1986) жыр жинақтары мен театрларға арналған бір актілі «Нұрлы дүние» пьесасы жарияланды.
Базарқұл Қияқұлы Қилыбай
Базарқұл Қияқұлы Қилыбай 1938 жылғы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Шақпақата ауылының Амангелді бөлімшесінде дүниеге келген. Бала жастан ол білімді іздеп, өнер қуған, өлең деген өлкеден нәр алып өскен еді. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Жуалы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық партия комитетінде жауапты қызметтерде жүріп, кейінгі жиырма жылдай Жамбыл ауданының «Шұғыла-Радуга» газетінің бас редакторы қызметін атқара жүріп жаны мөлдір азамат көргені мен түйгенін, білгені мен білігін, сүйінші мен күйінішін, қуанышы мен қайғысын өлеңге орап, жыр жолдарына айналдыратын.
Нұрмахан Тілегенов
Нұрмахан Тілегенов 1942 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Пионер ауылында дүниеге келген. Ол ғалым – зоотехник. Сондай – ақ, жоғары білікті ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы – экономист. Еңбек жолын ферма зоотехнигі болып бастап, 1981 жылдан аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, совхоз директоры қызметтерін атқарған.
1993-2005 жылдары Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары болып,зейнетке шыққан.
Мемлекеттік үш медалмен және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары кәсіподақтары Орталық комитетінің 1 дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталған. Еліміздің тұңғыш Президентінің Алғыс хатын алған. Жамбыл ауданының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ.
Жұбайы – Ұлбосын екеуі төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп, олардан 17 немере көріп отыр.
«Асыл адам айнымас», «Бітегене уәжім бар», балалар үшін – «Әдіптелген әліпби», « Әріптер сөйлесін», «177 жұмбақ» атты кітаптары жарық көрген.
Сұлтан Қалиұлы
Сұлтан Қалиұлы 1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. 1961 жылы Жамбылдағы Абай атындағы педагогикалық училищені, 1967 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының №61 8 жылдық мектебіне мұғалім болудан бастаған. 1967–1973 жж. Қазақ радиосының музыка, балалар редакциясының редакторы, аға редакторы. 1973–1991 жж. «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін «Ұлан» газетінің бас редакторы болды.
Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек етеді. Жекелеген өлеңдері орыс, украин, өзбек, грузин, түрікмен, қарақалпақ, әзербайжан тілдеріне аударылып, «Сәлем саған, мектебім» атты кітабы 1983 жылы Фрунзе қаласындағы «Мектеп» баспасынан қырғыз тілінде жарық көрді.
Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жұлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.
Сондай-ақ Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ.Мұхамади, Қ.Тәңірқұлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.
«Еңбектегі ерлігі үшін» (1970), «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2008) медальдарымен марапатталған. ҚР Жастар одағы мен Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1997). «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1981), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен (2000), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1981), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2003) марапатталған.
«Балалық шақ досы» – «Друг детства» бірінші ұлттық байқауының жеңімпазы (2007). Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы (2003).
Шығармалары: Сыныққа сылтау. Мысалдар. А., «Жазушы», 1967; Өлеңдер. Балаларға арналған. А., «Жазушы», 1968; Дүрбі. А., «Жазушы», 1970; Қасиетті тақия. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1972; Төлебай Әжімов. Очерк. А., «Жазушы», 1973; Сәлем саған, мектебім. А., «Жазушы», 1975; Кішкентай астрономдар. А., «Жалын», 1977; Теміртесер. Сықақтар мен мысалдар. А., «Жазушы», 1979; Бақыт деген не? А., «Жазушы», 1980; Мен мектепке барамын. А., «Жалын», 1982; Баспалдақ. А., «Жалын», 1984; Әйт, шу, тұлпарым. «Жалын», 1986; Скачи, мой аргамак. «Жалын», 1989; Қандай болып өсемін. «Балауса», 1994; Айналама қарасам. «Балалар әдебиеті», 2003; Бақыт құсы. Ертегілер. А., «Аруна», 2007; Қайсысы күшті? Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар. А., «Раритет», 2008.
Қошанова Сұлукүл Қошанқызы
Қошанова Сұлукүл Қошанқызы 1941 жылы ақпан айының 27 жұлдызында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Айшабибі ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Алматы қаласындағы шет тілдер педогогикалық институтының ағылшын тілі факультетін тамандап, мамандық бойынша Меркі ауылында Турбицын атындағы орыс орта мектебінде, Луговой станциясының Горький атындағы №312 орыс орта мектебіне, Луговой ауданының Қорағатты қой совхозындағы орта мектепте мұғалім болды. 1981 - 1988 жылдары Жамбыл облыстық ауылшаруашылық мемлекеттік тәжірбие станциясындағы Октябрьдің 60 жылдығы атындағы (қазіргі Абай атындағы) мектебінде оқу жөніндегі мектеп директорының орынбасары.
1988 жылы Айшабибі орта мектебінің директорының оқу жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ал, 1991 жылдан 1998 жылдар арасында осы мектептің директоры болып, зейнетке шықты. 1989 жылы желтоқсанда көп жылдық еңбегі бағаланып «Еңбек ардагері» медалімен,1994 жылы қазан айының 18-де білім беру саласындағы еңбегім үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.
Отбасы Райымбек Мұсатайұлымен 1961 жылы отандасты. Жанұямда үш ұл,бір қыз бар.Олардан он екі немере,он бір шөбере сүйіп отырған ана. Сұлукүл Қошанқызы зейнетке шыққан соң, қаламгерлікпен айналысып,төмендегі кітаптарды жазып шығарды. «Тоғысқан тағдырлар» -2003жылы,«Өмір өткелдері» - 2007 жылы,«Өмір талқысы» - 2013 жылы.
Жібек Шәдіқожақызы
Жібек Шәдіқожақызы 1940 жылы наурыз айының бір әдем күліп түрған күнінде өмірге келіппін. Туылған жерім: Қырғызстанның Талас облысындағы, «Коммунизм» колхозы. Кішкене күнімнен нағашы апам Халифа мені өз қолына алып тәрбиелепті. Өмір жолым өте ауыр басталды. 1950 жылы кырғыз мектебінде қырғызша оқыдым, екінші класқа көшірілгенімде, кітап алатын ақшамыз болмай, мен жарты жылдан соң, ез әкешешемнің қолына келдім. Олар қазіргі Жамбыл облысы, «Шайқорық» ауылында тұратын. 1958 жылдан осы Бесағашта облыстық тәжірбие стансасының бір отар қойын бақтық. Сол жетпісінші жылдары 5-6 балалы болғанда оқуды қайта бастадым. Отбасының ығынан шыға алмаған басым, үймен ақылдасып, ақыры жолдасым — Қабыл екеуміз оқуға жазылдық. Ауадай қажет болып тұрған білім ордасынан, сөйтіп кешкі мектептің 11 класын бітіріп шықтым. Сол куәліктің арқасында жиырма төрт жыл сауда саласында жұмыс атқардым. Жаман атақ алғаным жоқ. Өзіміздің тұрған жердегі дүкенде тапжылмай істеп, зейнетке шықтым. Бірнеше мәрте марапатталдым. Жас күнімнен өлең-жырға құмар болдым. Газет, журнал менің күнделікті сырласым, жан досым, серігім еді. Алғашқы мақалам мен өлеңдерімді 1990 жылдан бастап аудандык «Шұғыла» газетінің редакторы ақын Базар Килыбаев өңдеп, жарыққа шығара бастады.
Шырын Мамасерікова
Шырын Мамасерікова - 1945 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жалпақсаз ауылында туған. 1963-1967 жылдары Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Меркі ауданындағы Гранитогор мектеп-интернатында мұғалім болып бастаған. 1986 жылдан бері Қазақстан жазушылар одағы мүшесі. «Жыл құстары», «Гәкку», «Назерке», «Нәзік нақыш», «Асылдың сынықтары», «Өлеңімнің әр жолы — өмірбаян», «Әулие бабам — Сыпатай», «Фатима», «Бақыт», «Арман гүлі» атты кітаптары жарық көрді. 1997 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Ерен еңбегі үшін медалімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 25 жыл» медальдарымен наградталды. 2017 жылы «Ардагерлер ұйымына - 30 жыл» мерекелік медалін алды. 2011 жылдан бері төртінші шақырылған Меркі аудандық Мәслихатының кезекті 48-сессиясының шешімі бойынша «Меркі ауданының Құрметті азаматы» атағын иеленді. Сондай-ақ, 1974, 1977 жылдан социалистік жарыс жеңімпазы, 1984 жылы ВЛКСМ «Золотой колос» белгісімен, 1987 жылы ВДНХ медалімен, «ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», аудандық, облыстық әкімшіліктің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Күйеуі Әспетов Бейсен 1969 жылы, ұлы Әспетов Жақпар 2000 жылы қызмет бабы кезінде қайтыс болған. Екі немересі бар. Олар Алматыда оқиды.
Байтанағали Төлентаев
Байтанағали Төлентаев, 1952 жылғы 20 сәуірде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Кременевка селосында (қазіргі Шақпақата ауылы) дүниеге келді. 1959 жылы Кременевка селосындағы С.М. Киров атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барып, орта мектепті 1969 жылы Мақтау қағазымен бітірді. 1970-1972 жылдары сол кездегі ГДР жерінде Отан алдындағы әскери азаматтық борышын өтеді. «Гвардия», «Отличник Советской Армии», басқа да кейбір төсбелгілері бар.
1973 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетіне оқуға түсіп, осы оқу орнын 1978 жылы ойдағыдай аяқтап, «Журналист» мамандығына ие болды. Оқу жылдарында бірнеше рет «За отличную учебу» төсбелгілері берілді. Еңбек жолым 1978 жылдың 2 қазанында Талдықорған облысындағы (қазіргі Алматы обылысы) Кербұлақ аудандық «Кербұлақ жұлдызы» -«Звезда Кербулака» газетінде өнеркәсіп бөлімі меңгерушісі қызметінен басталды.Осы аудандық газетте ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, одан кейін жауапты хатшы болып қызмет істеді. 1986 жылдың 23 шілдесі мен 1987 жылғы 19 қаңтар аралығында Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде тілші болды. 1987 жылғы 19 қаңтардан бастап Жамбыл облысы Жамбыл ауданының «Шұғыла» - «Радуга» газетінде жауапты хатшының орынбасары, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактордың уақытша міндетін атқарушы (25.02.2008 ж- 11.07. 2008ж) болып қызмет істеді. 2008 жылғы 11 шілдеден 2015 жылғы 20 сәуірге –зейнетке шыққанға дейін осы газетте бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.
Молдақұлов Жорабай
Молдақұлов Жорабай 1936 жылы Жамбыл облысы ,Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық кеңесінің «Амангелді» колхозында жай шаруаның жанұясында дүиеге келген. Әкесі-Молдақұл-колхозшы, шешесі Сарабүбі қызылшашы болған.
Жорабай Молдақұлұлы1943 жылы Жамбыл темір жол станциясындағы Каганович атындағы қазақ орта мектебіне оқуға түсіп, оны 1953-54 оқу жылы бітіріп шықты. Мектепті бітіргеннен кейін ол өндірістің сан-саласында жұмыс атқарды. Темір жол транспортында 2 жыл станция жетекшісі болып қызмет атқарып, 1958 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің филология фокультетіне оқуға түсті. Университет қабырғасында жүргенде Жорабай Молдақұлұлының жазған өлеңдері республикалық «Лениншіл жас», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақ университеті» газеттері мен «Балдырған» журналдарында жарық көріп тұрды.
1965 жылдан Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық партия комитетінің меңгершісі, үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Жорабай Молдақұлұлының тұңғыш өлеңдер топтамасы «Тоғыз перне»(Алматы «Атамұра» 1999 жылы) Жамбыл облысы ақын-жазушыларынңы шығармалар жинағы, «Тектұрмас түлегі» (Тараз қаласы «Сенім» баспа орталығы, 1999 жыл) атты кітаптарда жарық көрді. Осы уақыт ішінде ол Рейхстагққа ту тігуге қатысқан соғыс және еңбек ардагері Әсет Кемпіреков туралы ( «Жаныңда жүр жақсы адам»), үш рет Даңқ орденінің иегері, ҰОС және еңбек ардагері Алихан Жанарбеков туралы («Жарқыраған жұлдызымыз»), халық батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына орай «Баукеңнің мектебі» (Тараз қалас, «Сенім» баспа орталығы 2000 ж.) атты кітаптар шығарды. Жанұясында, аудан тұрғындары мен қариялары алдында абыройлы. Жорабай Молдақұлұлының ел алдында сіңірген адал да, нәтижелі еңбегі үшін аудан, облыс әкімі және төрағалары мен аудан тұрғындарының ыстық ықыласы құрметіне бөленген.
Оңғарбай Шайымқұлов
Оңғарбай Шайымқұлов 1943 ж. Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында туған. 1963-1968 ж.ж. ҚазМУ-ды бітірген. Филолог, оқытушы. Аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, редактордық орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылға дейін Төле би атындағы орта мектепте мұғалім, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, директор. 2001-2009 ж.ж. мктеп директорының ҒЭЖ жөніндегі орынбасары. ҚР Білім және ғылым министірінің «Алғысымен» марапатталған. КСРО халық ағарту ісінің үздігі. Жоғары санатты мұғалім. Зейнеткер. 2001 ж. «Айналайын ауылым» прозалық, 2008 ж. «Қызғалдақ дала» өлеңдер жинағы «Нұрлы Әлем» баспасынан жарық көрген.
Болат Жаппарұлы
Болат Жаппарұлы 1952 жылы 26 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Түгіскен орта мектебін бітіргеннен кейін екі жыл құрылыста жұмыс істеп, 1972 жылы ҚазМу-дің журналистика факултетіне оқуға түсіп, 1978 жылы ойдағыдай бітіріп шыққан. Еңбек жолын Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеті редакциясында тілшілікпен бастаған. Журналист Болат Жаппарұлы одан бергі 35 жылға жуық уақыт ішінде осы облыстың Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі (12жыл), бас редактор (11 жыл) қызметтерін атқарған. Басқа жылдар аралығында облыстық «Ақ жол», республикалық аймақтық «Салық тәртібі», ТарМПИ-дің студенттік «Білім нұры», қалалық «Жамбыл-Тараз» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, редактор қызметтерінде болды. Төл туынды жайына келсек, Б.Жаппарұлының «Әй, аңқау басым ай!», «Қойыртпақ» атты кітаптары бар. Шығармалары одан бөлек ақын-жазушылардың республикалық, облыстық топтама жинақтарына енген. Отбасылы. Төрт ұл-қызы және немерелері бар.
Ашанов Сайлаухан Амалбекұлы
Ашанов Сайлаухан Амалбекұлы, 1955 жылы ақпанның 14 жұлдызында Жуалы ауданы Биікөл ауылының Дарбаза бөлімшесінде шаруа отбасында дүниеге келген. Мектеп табалдырығын аталған ауылда аттап, орталығындағы «Қарабастау» селосындағы Қ.Қошмалбетов атындағыорта мектепті 1971 жылы бітірген.
1971-1972 жылытуған ауылында шопанның көмекшісі болып еңбек жолын бастады. 1972 жылы Жамбылдағы педагогикалық институтының физика – математика факултетіне түсіп, 1876 жылы физика мамандығы бойынша бітіріп шықты. Алғашқы ұзтаздық жылын Жамбыл ауданының Қаракемер орта мектебінде бастап, аудандық оқу бөлімі саласының түрлі деңгейдегі қызметтерін атқарған. 1983 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1985 -86 жылдары «Бесжылдық» кеңшарының партком хатшысы, 1987-1991 жылдар арасында «Қызыл Октябрь» ұжымшарының партком хатшысы және төраға орынбасары болып істеген. 1991 жылдан аудандық әкімшіліктің қызметкері. Өлең жазумен жастайынан айналысады. «Туған жер-тұғырым» атты жыр жинағы жарық көрді, өлеңдері аудандық, облыстық газеттерге шығып тұрады.
Махамбетқұлов Сансызбай Бертайұлы
Махамбетқұлов Сансызбай Бертайұлы 1960 жылы 12 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылында дүниеге келген. 1967-1977 жылдар аралығында Аса орта мектеп-интернатында білім алған. 1978-1980 жылдары Қарулы Күштер қатарында әскери міндетін өтеген. 1982-1986 жылдары Москва баспа-полиграфия институтында «Полиграфия технологиясы» мамандығы бойынша оқып, 2005 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
1977-1990 жылдары аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде корректор, газет беттеуші, аудармашы, тілші, 1990 жылдан Жаңа Жамбыл фосфор зауытының «Фосфорщик» газеті редакторының орынбасары, 2008 жылдан – Жамбыл ауданы «Шұғыла-Радуга» газетінің бас редакторы.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Тағылымы мол өмір», «Ауылдың асыл перзенті» естелік кітаптарының авторы, бірнеше кітапты баспаға әзірлеуші.
«Қазақстан Тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Орманов Дүйсенбек Салымұлы
Орманов Дүйсенбек Салымұлы 1956 жылы 3 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келген. 1964-1974 жылдар аралығында Қызыл-Октябрь орта мектебінде білім алған. 1974-1976 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери міндетін өтеген. 1978-1984 Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «Агроном» мамандығы бойынша оқыған. 1977-1978 жылдары Қызыл-Октябрь колхозында автокөлік жүргізушісі, 1978-1980 жылдары спорт нұсқаушысы, 1980-1984 жылдары гидротехник, 1984-1986 жылдары агроном көмекшісі, 1986-1990 жылдары колхоз басқармасы тексеру комиссиясының төрағасы, 1990-1998 жылдары колхоз төрағасының жастар ісі жөніндегі орынбасары, 2005 жылдан – Жамбыл ауданы «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі. 2007 жылдан редакцияда ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Жеңіске үлес қосқандар», «Аққан жұлдыз», «Дала дауысы» естелік кітаптарының авторы және туындылары «Қарға тамған қан», «Қырағы құтқарушылар» кітаптарына енген.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Әлімқұлов Бақытжан Советұлы
Әлімқұлов Бақытжан Советұлы Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі. 1966 жылы Жамбыл облысы Меркі ауылында туған. Еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл ауданында «Шұғыла-Радуга» газетінде баспаханашы болып бастаған. Әл Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті журналистика факультетің түлегі. Мамандығы журналист. 1992 жылы, Республикалық «Санат» баспасында редактор, 1993 жылы сатиралық «Ара-Шмель» журналында фельетонист қызметтерін атқарған. 1994 жылы Жамбыл облыстық телерадикомпаниясының редакторы, 2004-2006 жылдары Қазақстан ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, 2006-2014 «Қазақстан» РТРК ЖОФ редакторы, 2014-2017 «Қазақ» радиосының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі.
2017 Жылдан қазірге дейін Жамбыл радиосының жеткшісі. «Ақпарат саласының үздігі». Жамбыл облысы әкімінің үш мәрте, Мәдениет және ақпарат министрінің екі мәрте «Құрмет грамотасының» иегері. «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» атты той кітабының және «Мен де бірдеңе дейінші..», «Ерін туралы ертегі», «Бұл мен ғой» сатиралық жинақтары мен «Қоянның құлағы неге ұзын атты балалар кітабының авторы.
Қуаныш Ауғанбаев
Ауғанбаев Қуаныш Жолдыбекұлы – 1987 жылы мамырдың 21 жұлдызында Жамбыл ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген.Жастайынан кітап оқуға жаны құмар болады.
Тағдырдың қатал сынына қаймықпай қарсы тұра білген, үлкен жүректі қайсар ақын Қуаныш Жолдыбекұлының өмір, тағдыр туралы жазған өлеңдері аз емес.
«Шыңдардан», «Биігіңнен құлатпа», «Жастығымды жек көрем», «Жырым қалсын артымда», «Бұл дүниеге қонақпыз» тағы басқа өлеңдері оқырман жүрегінен орын алған.
Пірімқұлов Сембек Шайхыұлы
Пірімқұлов Сембек Шайхыұлы (Шоқай Сембек) 1958 жылы 1 қаңтарда Жамбыл ауданының Шоқай аулында дүниеге келді. Түркістан қаласындағы индустриалды-педагогикалық институтын тәмамдады. Ақкөл және Өрнектегі орта кәсіптік- техникалық училищесінде өндірістік оқу шебері, директордың орынбасары, Жамбыл облыстық ғылыми-зерттеу өндірістік кешенінде инженер қызметтерін атқарды. 2008 жылдан бері шаруа қожалығының төрағасы. Қоғамдық негізде Жамбыл ауданы бойынша «Дүниежүзі қазақтарының» қаумдастығы және Отандастар қоры» фронт-офисінің директоры. М.Х.Дулати медалінің иегері. Шығармалары аудандық, облыстық газеттерде жарияланып тұрады. «Өмірдің өзенінде» атты кітабы Алматы қаласынан 2022 жылы жарық көрді.