Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Еңбек ерлері

Социалистік еңбек ерлері

БАТЫРОВ ӘБДЕН

Әбден Батыров 1878 жылы қазіргі Жамбыл ауданының Аса селолық кеңесінде туылған. «Жетітөбе» колхозында жылқы баққан. Қазан төңкерісінен көп бұрын дүниеге келген Әбден Батыров калың кедей балаларының тағдыр- теперішін тартып, жастайынан байдың малын бақты. 1929 жылы ол алғашқылардың бірі болып жаңадан құрылған «Жетітөбе» колхозына мүшелікке кіріп, 1936 жылы жылқышы болып тағайындалды. Жылдар жылжыған сайын бай тәжірибе жинақтаған жылқышы нәтижелерін арттыра түсті. 1947 жылы Ә.Батыров 50 биеден 50 құлын алып, еңбектің керемет үлгісін көрсетті. Жылқышының ерлігі жоғары бағаланып, 1948 жылдың 23 шілдесінде оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.Өмірінің соңғы жылдары Әбден Батыров Қаракемер селолык кеңесіне карасты Ильич атындағы колхозда аға шопан болып істеп, мұнда да Ер атағына сай еңбек етіп, жоғары көрсеткіштерге жетті


МІРТАЙ БЕЙСӘЛИЕВ

Міртай Бейсәлиев 1890 жылы Жамбыл ауданының БЕИСӘЛИЕВ (бұрын Талас ауданы) Кеңестөбе селосында көшпелі МІРТАЙ малшы отбасында туылған. 1930 жылы Кеңестөбе ауыл шаруашылық артеліне кіріп, онда алғашқы кезде сушы, 1935 жылдан бастап жылкышы болды. Ол өзінің туған колхозында табаны күректей 30 жыл еңбек етсе, оның 20-дан астамын жылқы бағуға арнады. Осы ұзақ жылдар ішінде ол колхоздың өркендеуіне зор үлес қосты. Оның бағылымындағы үйір-үйір жылқы эрқашан мінсіз күтілді, колхозға мол табыс келтірді. 1947 жылы эйгілі жылқышы 73 биеден 73 құлын алып, оны аман өсірді. Жылқышының еңбегін жоғары бағалаған КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Зейнет демалысына шыққаннан кейін де ол жасының ұлғайғанына қарамастан колхоз тіршілігіне араласты, сақпаншы болды, науқандық жұмыстарды атқарды, өзінің ұзақ жылғы тәжірибесін жас малшыларға таратып отырды.


БЕРІКБАЕВА ХАЛИПА

Халипа Берікбаева 1912 жылы қазіргі Жамбыл ауданының Қаратөбе ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1929 жылы Аманкелді атындағы ауыл шаруашылық артеліне кірді. 1947 жылы Жамбыл қаласына көшіп барып, хром зауытына жүмысқа орналасты.

Зауыт табалдырығын бірінші рет аттағанда Халипа Берікбаева көзге түсерліктей ерекшелігі жок қарапайым әйел еді. Зауыт үжымы Халипаның солдат жесірі, колында қартайған шешесі, қарауында ұлы мен қызы бар екенін бірден білген жок. Бүрынғы колхозшы әйел жэрдемші ретінде жэй қара жұмыс істей бастады.

Алпысыншы жылдардың басында Х.Берікбаеваның өмірінде ұмытылмас үлкен оқиға болды: жылдар бойғы адал еңбегі үшін Халықаралык әйелдер күнінің елу жылдығы қүрметіне КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1960 жылғы 7 наурыздағы жарлығымен Халипа Берікбаеваға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Жамила Божбамбаева 1918 жылы Ақбұлым ауылында дүниеге келген. 1942 жылдан бастап Жамбыл атындағы қызылша совхозында жұмыс істеді. Бір жылдан соң звеноға жетекшілік еткен ол совхоз экономикасын көтеру жолында жемісті еңбек етті. 1947 жылы өзіне бекітілген 2 гектар алқаптың эр гектарынан 830 центнерден тэтті түбір жинады.


БОЖАМБАЕВА ЖАМИЛА

Қызылшашының еңбегін жоғары бағалаған КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 жылдың 8 мамырындағы Жарлығымен Жамила Божбамбаеваға Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Жетістіктер бұдан кейін де жалғасты. 1950 жылы күтіміндегі 4 гектардан рекордты өнім өсірген Жамила эр гектардан 34 центнерден қызылша ұрығын жинады. Бүл жоспардағыдан 14 центнер артық болып, нәтижеде оның звеносы совхозға 100 мың сом пайда түсірді.

Ол қоғамдық жүмысқа да белсене араласты: облыстық партия комитетінің, тамақ өнеркәсібі қызметкерлері кэсіподағы республикалық комитетінің мүшесі, еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесінің депутаты болып сайланды.


ДӘУРЕНБЕКОВ ТАСТЕМІР

Тастемір Дэуренбеков 1893 жылы көшпелі малшы отбасында туылып, ұжымдастыру науқанына дейін жергілікті байларға жалданып мал бақты. 1930 жылы «Кеңестөбе» колхозына сушы болып кірді. 1935 жылдан бастап «Қызыл Октябрь» колхозында жылқышы болды.

Оның бар өмірін ерлікпен өрнектелген деуге болады. Қарапайым еңбек адамының еселі еңбегі кейінгі ұрпақ үшін үлгілі сабаққа айналды. Өз мамандығының асқан шебері атанған жылқышы мал бағудың барлық жауапты кезеңдерін асқан ұқыптылықпен өткізді. Нәтижесінде бағымындағы мал эрдайым күйлі болып тұрды. 1947 жылы Т.Дәуренбеков бағымындағы 72 биеден 72 кұлын алып, оларды аман сактады. Жылқышының бұл еңбегі жоғарғы органдардан елеусіз қалмады. 1948 жылдың 23 шілдесінде оның омырауына Социалистік Еңбек Ері атағының Алтын Жұлдызы тағылды.

Жылкышы бұдан кейін де малды өз төлі есебінен көбейту көрсеткішін еселей түсті. Бітім-болмысы ерекше, ар-ұжданына, уәдесіне берік Тастемір Дэуренбеков еңбек майталманы атанып, калың көпшіліктің ыстық ілтипатына бөленді.


ЕГЕМБЕРДИЕВА НАУАТ

Науат Егембердиева 1917 жылы Талас ауданының Ойық ауылында дүниеге келіп, 1933 жылы 16 жасында «Кеңестөбе» ауыл шаруашылығы артеліне мүше болып кірді. 1934-1941 жылдары макташылар звеносының жетекшісі, 1956 жылға дейін тауарлы-сүт фермасының меңгерушісі қызметтерін аткарып, қажырлы еңбегінің арқасында бұрындары артта қалған ферма қысқа мерзім ішінде аудан бойынша алға шықты.

1947 жылы Науаттың қарауындағы 152 өгізше тэулігіне 1020 грамм салмақ қосты, қоңды мал колхозға қыруар табыс әкелді. Еңбектегі тамаша жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 жылдың 23 шілдесіндегі Жарлығымен Науат Егембердиеваға Социалистік Еңбек Ері атағын берді.

Науат жетекшілік еткен ферма ұжымы 1952 жылы 124 сиырдан 124 бұзау, келесі жылы 171 сиырдан 171 бұзау алды. Коммунист Н.Егембердиева 1951 жэне 1955 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бірнеше рет ауылдық, аудандық кеңестерінің депутаты болып сайланды.


ЕНЬКОВА (РАДЧЕНКО) МАРИЯ

1921 жылы Барнауыл облысында дүниеге келген Мария Тимофеевна Енькова (Радченко) 1937 жылдан бастап Жамбыл облысының Билікөл балық зауытында, 1941-1945 жылдары Жамбыл ауданындағы «Бірлесу- Еңбек» колхозында есепші-кассир, ал 1945-1950 жылдары осы колхозда звено жетекшісі болып істеді.

Оның звеносы эрбір өсімдікті ерекше күтімге алды, жаз ішінде егістік төрт рет тыңайтқышпен қоректендіріліп, он рет суарылды. Өз кезегінде жомарт жердегі жүмыс қорытындысы керемет нэтиже берді - алғашқы киын жылдары колхоз бойынша эр гектардан орта есеппен 220 центнерден өнім алынса, бұл звенода 470 центнерден тэтті түбір жиналды.

Қол жеткен табыстары үшін М.Т.Енькова «1941- 1945 жылдары ¥лы Отан согысы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін» жэне «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды, ал КСРО Жоғаргы Кеңесі Президиумының 1949 жылдың 16 сэуіріндегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.


ЕСІМОВ СЕЙДУАЛЫ

Сейдуалы Есімов 1892 жылы туылып, 1929 жылдан бастап Жамбыл ауданының «Бірлесу-Еңбек» колхозында жүмыс істеді. Колхоз ең бір қиын жылдары бұрын шопан болып істеген Сейдуалыға бір үйір жылқыны бағуды сеніп тапсырды. Шопан бұл түлікті жатыркаған жок, бар қажыр-қайратын қиыншылыққа қарсы төсей білді. Сұрапыл жылдары Отанға өз қолымен өсірген талай жылқыны берді.

Осынау тамаша нәтижеге жету жолындағы жылқышының ерен еңбегін жоғары бағалаған КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы өзінің 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарылығымен Сейдуалы Есімовке Социалистік Еңбек Ері атағын берді.

1951 жылы аға жылқышы С.Есімов жылкы фермасының меңгерушісі болып тағайындалды. Көптеген жас жылқышы оның тәлім-тәрбиесін алып, еңбекте ірі табыстарға жетті. Өзі жылқышы эрі меңгеруші, танымал аңшы, табиғатынан жаркын мінезді Сейдуалы өз білгенін жастарға үйретуден өмірінің аяғына дейін жалықпай өтті. Туған колхозының тарихын терең біліп, танымын айналасына көрсетіп жүрген Еңбек Ері 1984 жылы дүниеден кайтты.


ЖАҚСЫЛЫҚОВ АҚЫН

Ақын Жақсылықов 1898 жылы туылып, Жамбыл ауданындағы еңбек жолын 1934 жылы Жамбыл атындағы ауыл шаруашылығы артеліне мүше болып кіруден бастады. 1965 жылы колхоз «Қаракемер» қой совхозы болып қайта қүрылғанда да жұмысшы болды.

Колхозға келген бірінші күннен Ақын Жақсылықовқа жаңа отар құрып, оны бағу тапсырылды. Колхозда барлығы Алматыдан әкелінген 40 тұсақ болса, бірнеше жылда оның саны 150 есеге өсті. Шопан таяғын 30 жылдан астам уақыт қолынан тастамаған Ақынның суреті Құрмет тақтасынан түсіп көрмеді, оның облыстық ауыл шаруашылық көрмесіне катыспаған жылы болмады, ал 1954 жылы Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысқан ол кіші күміс медальмен марапатталды. 1957 жылы озат шопан «Қазақ КСР мал шаруашылығының шебері» атағын алды. ¥зақ жылғы еңбегі үшін жэне қой өсірудегі қол жеткен толағай табыстарын ескеріп, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1958 жылғы 29 наурыздағы Жарлығымен Ақын Жақсылықовқа Социалистік Еңбек Ері атағын берді. 1959 жылы оны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты етіп сайлады.


ЖАНБОСЫНОВ КҮРТІБАЙ

1893 жылы көшпелі кедей малшының отбасында дүниеге келген Күртібай Жанбосынов 1930 жылы «Кеңестөбе» ауыл шаруашылық артеліне мүше болып кірді. 1938 жылдан бастап қой фермасының меңгерушісі, 1950 жылдан «Кызыл Октябрь» колхозында егіншілер бригадасының бригадирі болды.

Шопан қойларды қыста қоздатуды, қозыларды шығынсыз сақтау эдісін, қойдан дені сау, берік, өсіруге қалдыратын төл алуды өзі де жақсы білді, басқа қойшыларға үйрете білді. Ол басқарған фермада қозыларды енесінен бөлек бағу әдісі кеңінен қолданылды, бұл козылардың туа салып шөпке үйренуіне мүмкіндік жасады. 1947 жылы фермадағы 1466 қазакы тұқымды саулықтан 1795, яғни олардың эр жүзінен 122-ден төл алынып, олардың бэрі аман сақталды.

Күртібай Жанбосыновтың тамаша еңбек табысы жоғары бағаланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 67 жасында зейнетке шыққан колхоз өндірісінің ардагері кэрілікті мойындамай, қоғамдық жэне шаруашылықжұмыстарына белсене араласты.


ЖАНТАЛИЕВ ЖАЙШЫБЕК

Жайшыбек Жанталиев Жамбыл ауданына қарасты Бесжылдық ауылында дүниеге келіп, еңбек жолын өте ерте бастады. Жастайынан жылқы бақты. Көп ізденді, үлкендердің тэжірибесін басшылыққа алып, мал күтімін жаксартуды ең басты міндетінен санады. Еңбегі нэтижесіз болған жок, жылдан жылға жылкыны өз төлі есебінен көбейтіп, мал шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосты.

Ол әсіресе соғыс жылдарында жанқиярлық көрсетті. Бағымындағы елу биеден елу қүлын алып, барлығын аман өсірді. Мұндай шығынсыз көрсеткіш бірнеше жыл қайталанды. Осыны ескерген КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы өзінің 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Жайшыбек Жанталиевке Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Алтын жұлдызды жылқышы мұндай үлкен құрметпен жігерленіп, келесі жылдарда да еңбектегі табысын еселей түсті. Осылайша кейінгі толқын - жас малшыларға өшпес үлгі-өнеге қалдырды.


ИСМАИЛОВ ӘЗІМБЕК

Әзімбек Исмаилов 1910 жылы қазіргі Жамбыл ауданының 3-ауылында туылған. Еңбек жолын оқытушы болып бастады. Кейін щаруашылық, кәсіподақ, кеңес жэне партия жұмыстарында болды. 1962 жылы Меркі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы кызметін атқарды.

30 жылға жуық уақыт бойы облыстың бірқатар аудандарында партия-кеңес органдарында басшы қызметінде болған ол еңбекшілер арасында зор беделге ие болды. Соғыс жылдары кезінде, одан кейін Красногор аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеуі, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқаруы лайықты бағаланды: екі рет Ленин орденімен, II дэрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен, сондай-ақ республика Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің екі алтын медалімен марапатталды.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы жетіжылдықтың тапсырмаларын мерзімінен бұрын орындау жолындағы Меркі ауданы еңбекшілерінің кол жеткен табыстарын жоғары бағалап, 1965 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен Әзімбек Исмаиловка Социалистік Еңбек Ері атағын берді.


КЕЙКИЕВ БАЙКЕЛДІ

Байкелді Кейкиев 1897 жылы Кеңестөбе ауылында туылып, 1930 жылы сол жерде колхоз ұйымдастыруға белсене араласты, мақташылар бригадасының бригадирі болды. 1933-1951 жылдары колхоз басқармасының төрағасы қызметін атқарды.

Б.Кейкиев колхоз өндірісін 18 жыл басқарып, жан аямай еңбек еткен колхоз бастығы Қызыл Армия қорына 50 мың сом ақша, 25 кой берді.

¥жымды ол баскарған жылдары колхоз өндірісі қарқындап өсті. Артель ұйымдасқан жылы мұнда 220 қой-ешкі, 45 жылкы, 32 сиыр болса, 1947 жылы қой- ешкі саны 11 мыңға, жылқы 900-ге, сиыр 540 басқа жетті. 1947 жылы эр жүз саулықтан 122 қозы, әр сиырдан - бұзау, эр биеден - құлын алынып, эр сиырдан жоспардағы 850 литр орнына 1250 литр сүт сауылды, эр қойдан 3 килограмнан астам жүн қырқылды.

Партия мен үкімет колхозшылардың еңбегін жоғары бағалап, кеңестөбеліктердің жетеуіне, соның ішінде колхоз бастығы Байкелді Кейкиевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.


КҮТІМОВА КҮЛІМЖАН

Күлімжан Күтімова 1921 жылы қазіргі Жамбыл ауданында дүниеге келіп, 1938-1941 жылдары «Октябрь» ауыл шаруашылык артелінде қатардағы колхозшы болып істеді. 1942-1959 жылдары қызылшашылар звеносын баскарды. 1942 жылы колхоз басқармасы оған қызылшашылар звеносын басқаруды тапсырды. Оның звеносы қант қызылшасының өнімін арттырып, 1945 жылы 3,5 гектардың эр гектарынан 522 центнерден, ал келесі жылы эр гектардан 622 центнерден тэтті түбір жинады. Сол жетістігі үшін 1946 жылы ол «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1947 жылы 4,7 гектардың эр гектарынан 775 центнер, жоғары өнім берген 2 гектардың әрбірінен 825 центнерден қызылша жинаған звено жетекшісі Күлімжан Күтімованың еңбегі ерекше бағаланып, оған КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 жылғы 28 наурыздағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері қүрметті атағын берді. Бұдан кейін де ол ұзак уақыт звено басқарып, кант зауытына ондаған мың тонна тәтті түбір жөнелтті. Күлімжанның СОКП XIX сьезіне делегат болып қатысқаны да ел есінде.


 ҚАЗАНҒАПОВ СӘРСЕН

Сәрсен Қазанғапов 1892 жылы Сырдария губерниясының Әулиеата уезінде шаруа отбасында дүниеге келген.

Қазан төңкерісіне дейін жалшы болып, алғаш артель қүрылғанда оған мүшелікке кірген. 1936-1962 жылдар аралығында Жамбыл ауданындағы «Бірлесу- Еңбек» колхозының құрамында болған «Красный партизан» колхозында жылқы бақты.

Өмірден алған сыбағасы мол, өз ісін жетік білетін Сәрсен Қазанғапов малды бағып күтуде республиканың озат малшыларының тәжірибесіне сүйенді. Кейін өзі де жастардың тәлімгері атанып, тер төгееңбек етті.

1948 жылы ол 50 биеден 50 қүлын алып, аман өсірді. Қүрығы қүтты жылқышы «1941-1945 ¥лы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен, «Социалистік ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталып, 1949 жылы Сәрсен Қазанғаповқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері қүрметті атағы берілді.


ҚЫРБАСОВ ПОШТАБАЙ

Поштабай Қырбасов 1888 жылы Ерназар селосында кедей шаруаның отбасында туған. 1932 жылы «Ерназар» ауыл шаруашылық артеліне мүше болып кірді.

Ол бүкіл саналы өмірін туған жерінде өткізді. Қоғам малын табиғаттың дүлей күшімен арпалыса жүріп аман сақтады. Жазда Талас өзенінің бойын жайлап, қыста Мойынқұмның түлейіне қыстады. Оның эрбір күні ерлікке толы болды. Қой бағудың қыр- сырын жастайынан жете меңгерген П.Қырбасов қарауына берілген колхоз малын шығынға үшыратпай, өз міндетін адал атқарды. 1947 жылы бағымындағы саулықтардың эр жүзінен 126-дан қозы алып, аман өсіргені үшін «Ерназар» колхозының аға шопаны Поштабай Қырбасовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері қүрметті атағы берілді.

Еңбегінің жоғары бағалануы қарт шопанға жігер берді, ол тағы 15 жыл колхозда еңбек етті. 74 жасқа келгенде ғана 30 жыл өмірін колхоз өндірісіне арнаған атақты шопан зейнет демалысына шықты.


МЫРЗАХМЕТОВА МӘРИЯМ

Мәриям Мырзахметова 1903 жылы Бесағаш селосында кедей шаруаның отбасында туылған. 1929 жылы «Ынтымак» колхозына мүше болып кірді. 1943-

жылдары қызылшашылар звеносын басқарып,

жылдан 1958 жылға дейін облыстык тәжірибе станциясында еңбек етті. Ол басқарған звено бірнеше жыл қатарынан қызылшадан рекордтық өнім алды. 1945 жылы 5 гектар жердің эр гектарынан 716 центнерден, келесі жылы 4 гектардың әрбірінен 680 центнерден, ал 1947 жылы 2,73 гектар жердің әрбірінен 984 центнерден тэтті түбір жинады.

Үкімет М.Мырзахметованың еңбегін жоғары бағалады. 1946 жылы Ленин орденімен, «1941-1945 жылдардағы Үлы Отан соғысы кезіндегі кажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сол жылы облыс еңбекшілері оны КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат етіп сайлады.

Қант қызылшасынан жоғары өнім алғаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 жылғы 28 наурыздағы Жарлығымен Мәриям Мырзахметоваға Социалистік Еңбек Ері қүрметті атағын берді.

Түйте Пірімқүлов 1914 жылы Жалпақтөбе селосында шаруа отбасында дүние есігін ашқан. Еңбек жолын 1924 жылы бай жалшысы болудан бастаған ол 1933-1934 жылдары күзетші, звено жетекшісі жүмыстарын атқарды. Бір жылдық курс бітіріп, 1935- 1940 жылдары мұғалім болды. Кейін түрлі жауапты шаруашылық қызметтерін атқарып, 1964 жылдан кейін Мойынқүм ауданы Көктерек совхозында бөлімшені басқарды.


ПІРІМҚҰЛОВ ТҮЙТЕ

1944 жылы Түйте Пірімқұлов артта қалған «Октябрь» ауыл шаруашылык артелін қабылдап алды. 1945 жылы 100 гектар алқаптың эр гектарынан 350 центнерден, 1946 жылы сол алаңнан 463 центнерден,

жылы 522 центнерден, оның ішінде жоғары өнімді 11 гектар жердің эр гектарынан 832 центнерден тэтті түбір жиналды. Түйте Пірімкүловқа еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін 1947 жылы «Қүрмет белгісі» ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы

жылғы 28 наурыздағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері қүрметті атағы берілді.

жылы ол «Бірлесу-Еңбек» колхозына жіберілді. Бұл жерде оның бұрынғы марапаттарына тағы бір орден - «Еңбек Қызыл Ту» ордені қосылды.


СҮЛЕЙМЕНОВ ЫСҚАҚ

1916 жылы Жалпақтөбе селосында шаруа отбасында туылған Ысқақ Сүлейменов 1932-1940 жылдары Жамбыл ауданындағы «Октябрь» колхозында қатардағы колхозшы болып істеді. 1941 жылдан 1948 жылға дейін бригадир, 1948-1956 жылдары колхоз бастығының орынбасары, 1957 жылдан кейін сол колхозда түрлі жұмыстарды атқарды.

Ол баскаратын бригада 1945 жылы 22 гектардың әрбірінен 481 центнерден, 1946 жылы 521 центнерден тэтті түбір жинаса, 1947 жылы бүдан да жоғары көрсеткішке жетті. 27 гектар алқаптың әр гектарынан 638 центнерден, ал 7 гектардың әрбірінен 835 центнерден қант қызылшасын қазып алды.

Қызылшашылардың еңбек табысы жоғары бағаланды. Бригададағы 28 адамның 18-і ордендермен жэне медальдармен марапатталды, ал Ысқақ Сүлейменовке КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 жылғы 28 наурыздағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері қүрметті атағын берді.

1948 жылы оның бригадасы тағы да бітік өнім өсірді. Сол үшін Ы.Сүлейменов Ленин орденіне ие болды.


СЫЗДЫҚОВ ЖОЛШЫ

Жолшы Сыздықов 1912 жылы қазіргі Жамбыл ауданындағы 1 -ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. 1932 жылдан Жамбыл станциясында пойыз қүрастырушы, вагон тіркеуші болып істеді. Ол теміржол бөлімшесінде бірінші болып вагондардың сериялық қимыл әдісін жүзеге асырды. Пойыздарды шапшаң қүрастыру қозғалысының бастамашысы болған Ж.Сыздықов оларды екі жағынан бірдей қүрастыру жэне ажыратудың шебері атанды.

Әйгілі теміржолшы осынау озық әдісті 16 құрастырушыға, 18 тіркеушіге жэне 10 башмачникке үйретіп, талай шэкіртті кәсіпке баулыды.

Ж.Сыздықов «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен марапатталды, КСРО Жол қатынасы министрлігінің сыйлықтарына сан мэрте ие болды. Қол жеткен өндірістік көрсеткіштері мен үлгілі жүмысы үшін бірінші класты қазақстандық теміржолшы, аға пойыз құрастырушы Жолшы Сыздықовқа КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының 1959 жылғы 1 тамыздағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері қүрметті атағы берілді.

Теміржолшы бүдан сәл бұрын, 1957 жылы «Жамбыл қаласының қүрметті азаматы» атағын иеленген болатын.


ТАРКАЕВА СЕРАФИМА

Серафима Васильевна Таркаева 1905 жылы қазіргі Жамбыл ауданындағы Тастөбе ауылында кедей шаруаның отбасында туылған. 1930 жылы «Көлқайнар» (кейіннен Куйбышев атындағы совхоз) колхозына кіріп, осында 1958 жылға дейін жұмыс істеді.

С.В.Таркаеваның облыстағы таңдаулы шошқа өсірушілердің бірі ретінде есімі соғыстан бұрып-ак эйгілі болды. Тәжірибелі еңбеккер ретінде 1939 жэне 1940 жылдары Мәскеудегі Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, көрменің үлкен күміс медалін иеленді.

Соғыс жылдарында өзінің маңдай терімен тапқан каржысы есебінен 17 мың сомды майданға танк колоннасын жасақтауга берді.

1946 жылы эр мегежіннен 21 торайдан, ал 1947 жылы 25-тен, өзіне бекітілген 8 мегежіннен 1 жылда 200 торай алып, оларды түгел аман өсірді. Шошқа өсірушінің еңбегі жоғары бағаланып, Серафима Васильевна Таркаеваға КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 жылғы 21 қарашадағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері қүрметті атағын берді.

Әйгілі шошқа өсіруші бұдан кейінгі жылдары да талай биікті бағындырды. Мәскеудегі көрмеге тағы қатысты. 1951 жылы ол Қазак КСР Жогарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.


ТҰРҒЫНБАЕВ РЫСҚҰЛБЕК

Рысқұлбек Тұрғынбаев 1913 жылы Кеңестөбе ауылында көшпелі малшы отбасында дүниеге келген. 1930 жылы «Кеңестөбе» артеліне мүше болып кіріп, 1939 жылға дейін сушы болды. 1939-1956 жылдары осы шаруашылықта шопан болып істеп, кейін «Қызыл Октябрь» колхозында тағы да сушылық жұмысын атқарды.

Аянбай тер төгіп, төл алудан ауданда бірінші орын алды. Ол мал бағудың озық тәсілдерін еліміздің озат шопандарының іс-тәжірибесінен ең құндыларын таңдап алуға ұмтылды. Р.Тұрғынбаев 1947 жылы бағымындағы 404 қазақы тұқымды саулықтан 515 қозы алып, рекорд жасады. Бұл еңбегі еленбей қалмады. Әйгілі шопан Рысқұлбек Тұрғынбаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері құрметті атағын берді.


ТІЛЕБАЕВ ШЫНТАС

1901 жылы Кеңестөбе ауылында кедей отбасында туылған Шынтас Тілебаев 1930 жылы колхозға кіріп, егіс бригадасының бригадирі болып істеді. 1936 жылы жылқы фермасының меңгерушісі, 1943 жылы «Майтөбе» колхозының төрағасы болып сайланды. 1944 жылы өзінің туған колхозы «Кеңестөбеге» кайта оралды.

Әйгілі малшы Ш.Тілебаев ұзак жылдар бойы төл колхозының жылкы фермасын басқарды. Ол 1947 жылы фермадағы 145 биеден 145 ьсұлын алып, барлығын аман өсірді. Малды дұрыс бағып жаюдың нэтижесінде биелерді қыстан қоңын төмендетпей шығарып, құлындардың тез жетіліп кетуін қамтамасыз етті. Құлындарды 100 пайыз аман сақтағаны, жылқы өнімділігін арттырудағы қажырлы еңбегі үшін Шынтас Тілебаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері қүрметті атағын берді.

Бұдан кейінгі жылдары да ферма ұжымы мал басын көбейту мен мемлекетке қымыз тапсыруда жоғары көрсеткіштерге жетіп отырды.


ТІЛЕУБЕРДИЕВ ӘЖІБАЙ

Әжібай Тілеубердиев 1893 жылы қазіргі Жамбыл ауданының Қаракемер ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. 1930 жылы «Қаракемер» колхозына кіріп, 1937-1955 жылдары жылкыбақгы.

Ә.Тілеубердиев жылқышы болған 19 жыл ішінде істің қыр-сырын білетін нағыз маман малшы атанды. 1948 жылы бір үйір жылқыны шалғайдағы жайылымда жайып бағып, 50 биеден 50 қүлын алуға қол жеткізді. Осы көрсеткіштері үшін жылқышыға КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері құрметті атағын берді.

Алайда жылқышы қол жеткен табысқа тоқмейілсімей, еңбегін еселей түсті. 1950 жылы 53 биеден 53 құлын өсіргені үшін КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігі Ә.Тілеубердиевке «Социалистік ауыл шаруашылығының озаты» төсбелгісін, ал Жамбыл облыстық кеңесінің атқару комитеті ауданаралық ауыл шаруашылық көрмесінің бірінші дэрежелі дипломын табыс етті. Озат малшы бірнеше рет аудандық кеңеске депутат болып сайланды. 


ЮНУСОВА ПАТЫШ

Патыш Юнусова 1900 жылы Қырғызстанның Қызылсай ауылында шаруа отбасында туылған. 1933 жылы ол Жамбыл ауданындағы «Октябрь» ауыл шаруашылық артеліне мүше болып кіріп, қант қызылшасын өсіруге маманданды. ¥зақ жыл бай тәжірибе жинақтады. Өз ісіне айрықша адалдықпен қарауының арқасында жыл сайын жоғары өнімге қол жеткізіп отырды. 1945 жылы 1 гектардан 653 центнер, 1946 жылы 770 центнер тэтті түбір жинаған Патыш Юнусованы 1947 жылы колхоз басқармасы звено жетекшісі етіп тағайындады.

Звено жетекшісі қызылшашыларды ауа райының қандайда да болмасын жағдайында егістіктегі жүмыстарды ұқыпты атқаруға баулыды, ұсақ- түйектері де назардан тыс қалмады. Осының бэрі жоғары өнім өсіруге жағдай жасады: 4,5 гектар алқаптың эр гектарынан 734 центнерден қант қызылшасы жиналды.

Ерен еңбек бағаланбай қалмады. Жыл сайынғы өте жоғары көрсеткіштері үшін Патыш Юнусоваға КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 жылғы 28 наурыздағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері құрметті атағын берді.

Атақты қызылшашы осы колхозда 60 жасқа келгенше еңбек етіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына өзіндік үлес қосты.


СӘБДЕНОВ РАХЫМ

Рахым Сәбденов 1929 жылы Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында дүниеге келді. Ол Жамбыл зооветеринарлық техникумын, Қырғыз ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Жамбыл ауданындағы «Новая жизнь» үжымшарының жұмысшысы, 1949-1965 жылдары Қырғызстанның Талас облысы кеңшар директорының орынбасары, 1965-1971 жылдары Жамбыл облысы Луговой ауданында бас зоотехник, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 1971-1992 жылдар аралығында Луговой ауданы Ленин атындағы асыл тұқымды қой кеңшарының директоры. Қоғамдық мал басын арттырып, оны асылдандыруды жоғары дәрежедегі ғылыми тұрғыдан жүзеге асыруға көп еңбек сіңірді. Екі рет Ленин, «Халықтар достығы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Кұрмет грамотасымен марапатталған. «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер». Социалистік Еңбек Ері.