Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Танымал тұлғалар

Тұраш Әбуов

(1922-1988)

 

Тұраш Әбуов Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылы «Қыршынды» деген жерде 1922 жылы дүниеге келген күйші, домбырашы. Жас кезінен Жетісудың ән-күйіне, әсіресе Байсеркенің күйлеріне құлағын қанықтырып өскен. 1936 жылы Жамбыл ауданының ұжым шаруашылығында ұйымдастырылған театрға қабылданады. 1938 жылы Алматыдағы театр учлищесіне оқуға түсіп ІҮ-курстан әскерге шақырылады. Соғыстан кейін Смоленскідегі әскери училищені бітіріп, 1958 жылы капитан шенімен демалысқа (отставкаға) шыққанға дейін Қиыр Шығыс Теңіз флотында, Алматыда, Түркіменстанда саяси қызметтер атқарады. Тұраштың соғыс жылдарындағы жауынгерлік өмірі, қайраткерлігі майдангер жазушылар Ә.Нұршайықовтың «Тоғыз толғау», «Арулар отты жылдарда», Ә.Шәріповтың «Қатардағы қаһарман» кітаптарында тартымды баяндалған. Тұраш 1958-1970 жылдар аралығында Жамбыл облысында мәдениет саласында әр түрлі қызметтер атқарды.

Тұраш Әбуовтың күйлері: «Жастық шақ», «Жаралы жауынгер», «Қайдасыңдар, достарым», «Мәншүк», «Мәңгілік оттар», «Қуаныш» т.б

Күйлері "ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ 1000 КҮЙІ
 

Әшімов Әкім Үртайұлы

(Әкім Тарази)

1933 ж

 

Әшімов Әкім Үртайұлы (Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте (Алматы қаласы, Стандарт көшесі, 18 үй, 5 пәтер) дүниеге келді. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Луговой (Рысқұлов), Жаңа тұрмыс ауылында бітірді.

1957 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология  факультетін  бітірді. 1957-1959 жылдары Жамбыл обылысы, Шу ауданы, Жаңа тұрмыс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет сабақтарынан білім берді. 1960-1962 жылдары Мәскеудегі жоғарғы кинематография курсында (КСРО  мәдениет министірлігінде) дәріс тыңдады.

1962 жылы «Литературный газет» (Мәскеу) Қазақстандағы меншікті тілшісі,

1964 жылдары “Қазақфильм” киностудиясында, бас редактор,

1970-1980 жылдары Қазақстан киногерлер Одағының бірінші хатшысы, КСРО киноматография Одағының хатшысы.

1980-1986 жылдары шығармашылық кезеңі.

1986-1990 жылдары Қазақстан жазушылар Одағының хатшысы

1991-1994 жылдары Мәдениет министірлігінің кеңесшісі

1993-1996 жылдары Қаржы-қаражат журналының бас редакторы

1994-2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры

2009 жылы Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры, Қазақстан жазушылар Одағының (2007) филиал жетекшісі.

Әкім Таразидың алғашқы  шығармалар жинағы «Ақбердінің ауласы»,»Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған» романы, «Қорқау жұлдыз» романы, «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Тәж», «Жаңбырлы түндер» романдары,

Қазақ киносының алтын қорына қосылған кинотуындылары: «Тұлпардың ізі», «Арман атаман», «Қараш-қараш», «Мұстафа Шоқай»

Қазақ театрларының сахнасындағы  драматургиялық шығармалары: «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Ақын, періште, махаббат», «Індет», «Махамбет», «Лайнер», «Үкілі жұлдыз», «Қыз махаббаты» т.б.Жазушының бірқатар дүниелері орыс, қытай, поляк, болгар, ағылшын тілдеріне аударылды.

Әкім Тарази Н.Я. Бичуриннің «Орта Азияны мекендеген халықтардың көне  заманғы тарихы», «Мыңқолдың төрт ханы» тарихи ғылыми-зерттеу еңбегін

Ф. Рабленың «Гаргантюа және Пантагрюэль» романын алғаш қазақ тіліне аударды

1994 жылы «Құрмет белгісі» ордені, 1997 жылы «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік  наградалармен,1999 жылы  Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 2011 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты (Прага) атағына ие болды,  2015 жылы «Отан» ордені мемлекеттік наградамен марапатталды.
 

Қаратай Тұрысов

(1934-2004)

 

Қаратай Тұрысов 1934 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысының бір түкпіріндегі Талас өзенінің бойындағы қырғыздармен шекаралас Жасөркен ауылында дүниеге келген.

        Тараздағы Жамбыл атындағы қазақ орта мектеп-интернатын 1950 жылы бітірген бір топ бала, ішінде Қаратай Тұрысовтан басқа Шерхан Мұртаза мен Шота Уәлиханов  бар,  жері суық, алыс әрі жат Мәскеуіңнің төрінен бір-ақ шығып, оқуға түседі.

       Ол кездің қиыншылығы түгіл бертін, жаймашуақ жылдар болғанда да бұлай топталып барып, Мәскеудің оқуына түсу деген сирек оқиға болатын. Ал қайсар ұрпақ соғыстан кейінгі қиын­шылықтарды, жоқшылықты көзге  ілмей, бұрын ауылдан шығып көрмесе де Мәскеу төрінен бір-ақ шығады.

       Сол жылдары Қазақстанның басқа түкпір­лерінен «Мәскеуді бағындырғандар» арасында қазақтың белгілі ақыны Кә­кімбек Салықов Түсті металл және алтын институтынан бір-ақ шығыпты. Ал, Қаратай Тұрысов Серго Орджоникидзе атындағы геоло­гиялық-барлау институтына түседі.

         Осы институт қабырғасында Қаратай Тұрысовтың болашақ өміріне көзқарасы бекем қалыптасты. Ол өз мамандығын сүйіп қана қойған жоқ, осы саланың білікті мамандарының бірі болды.

        Өзін оқытқан Алексей Богданов, Петр Захаров, Михаил Муратов сынды профессор-ұстаздарын ол өмір бойы ұмытпай, есімдерін ілтипатпен еске алып жүрді.  «Соғыстан кейінгі ұрпақтың геологияға бет алуы – әлемдік масштабтағы академик Қаныш Сәтбаевтың Қазақстандағы жерасты қазба байлықтарын дүние­жүзілік аренаға шығарған еңбегіне тікелей байланысты», дейді Қаратай Тұрысов бір сұх­батында.

        Әрқашанда тура сөй­лейтін, ойын ашық та бүкпесіз айта білетін Қаракең: «Геолог болу – қияметтің қияметі. Дүниеде 3 мың түрлі минералдар бар. Әрбір тастың құрамындағы ми­нералдарды «оқып» зерттеп, жер қой­нында қандай кен жасырынып жатқанын дәл білу керек… Арқаңда дорбаң… қо­лыңда балға-қайлаң… дорбаң толы тас. Қу даланы кезіп бара жатқан геолог осындай күн кешеді. Күні бойы тастармен сөйлеседі. Қазір де тау жоталарын, тау мен тасты көрсем болды, солай қарай бұрылып кеткім келеді», дейді.

         Қаратай Тұрысов Орталық Қазақ­стан­ның кенді аймақтарының геология­лық картасын жасау ісіне сегіз жыл бойы үлес қосты. Көктасжал кен орнын алғашқы ашушылардың бірі болды. Одан Қаражол, Қарағайлы, Жәйрем, Бет­пақдаланың тау-тасын кезіп, жаңа кен орындарын іздеді.

         Осы еңбегі ескеріліп,  «Қа­зақстанның құрметті кен барлау­шысы» ата­ғын алады. Гео­фи­зи­калық экспе­ди­цияның партия бас­ты­ғы болған ол осы жыл­дары басқа­ру жұмы­сына икемді, халықпен тіл табыса алатын қабі­леті де зор екенін көр­сетті.

          Кейін Қаратай Тұрысов бірнеше лауазымды қызметтерде болды. 1984-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1986-1991 жылдар аралығында Бүкілодақтық Кәсіподақтары Орталық Комитетінің хатшысы, 1991 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, ҚР Туризм, дене шынықтыру және спорт министрі, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметтерін абыроймен атқарды.

КСРО Жоғарғы Кеңесіне екі дүркін депутат болып сайланған. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болған Қаратай Тұрысов заң шығару ісінде де өз қолтаңбасын қалдырды.

         Елге сіңірген еселі еңбегі үшін оннан астам медальдармен, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және «Барыс» орденімен марапатталған.

          Қаратай Тұрысов – өмірін туған елінің өсу, өркендеу, одан тәуелсіз ел ретінде қалыптасу, іргесін бекіту жолында сарп еткен жан.
 

Көпжасар Нәрі­баев

(1938-2020)

         Көпжасар Нәрібаев Жамбыл облысы, Жамбыл ауданына қарасты Бектөбе ауылында қара шаруа Нәрібай әке мен Бүбікүл ананың отбасында 1938 жылы 3 маусымда дүниеге келді. 2020 жылғы 22 маусымда өмірден өтті.

          Балалық шағы – Ұлы Отан соғысының соңғы жылдарына, мектеп жылдары – соғыстан соңғы шауашылықты қалпына келтіру науқаны қызу жүргізіліп, қоғамда тәртіп күшейген жылдарға тап келді. Көпжасар Нәрібаев 1952 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Қызыл Шарық ауылындағы жеті жылдық мектепті, 1955 жылы Жамбыл қаласындағы (қазіргі Тараз) №38 мектепті тәмамдады.

      Мұнан соң 17 жасар талапкер С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Ол кездерде университетте бүкіл Одаққа әйгілі С.Б.Бәйішев, И.М.Бровер, С.А.Нейштадт сияқты ірі экономист ғалымдар дәріс беретін. Сонымен қатар, кезінде ел экономикасының ірі салаларын басқарған Т.Ш.Шәукенбаев, М.Е.Бутин, Т.Т.Төлебаев, М.М.Розманов сияқты профессорлар және т.б. көрнекті қайраткерлер жұмыс істейтін. Болашақ экономист жастардың нағыз жанашыры Ф.А.Жеребьятев, факультет деканы Ш.Г.Надиров, сол кезде жас оқытушылар, кейін еліміздің ірі ғалымдары болған Ж.Ә.Әубәкіров пен Д.Қ.Қабдиевтің дәрістері мен ақыл-өсиеттерін тыңдап өсті. 1960 жылы К.Н.Нәрібаев экономика факультетін ойдағыдай бітіріп шығады. ҚазМУ-ды бітірісімен Мәскеу қаржы институтының аспирантурасына түседі.

     1964 жылы К.Нәрібаев «Механикаландыру жағдайында есептеудің қазіргі формаларының дамуы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, Қазақ мемлекеттік университетінен енші алып бөлек отау тіккен Алматы халықшаруашылығы институтына жолдама алады. 1965 жылы ол экономикалық есептеу факультетінің деканы, 1972 жылы институттың ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры болып тағайындалады.
 

Бекжасар Нәрібаев

1943

       НӘРІБАЕВ Бекжасар (1.1.1943 ж. т., Жамбыл ауданы Амангелді ұжымшары) – ғалым, дипломат. Қазақ ұлттық университетін бітірген (1968). Биол. ғыл. кандидаты. 1959 – 63 ж. Бетпақдала тәжірибе станциясында лаборант, 1971 – 79 ж. Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1979 – 80 ж. АҚШ-тағы Калифорния университетінде стажер-зерттеуші, 1986 – 87 ж. Қазақ КСР сауда өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары, 1987 – 91 ж. Қазақ қыздар пед. институтында доцент, кафедра меңгерушісі, 1991 – 92 ж. ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу және Орта Шығыс басқармасының 2-хатшысы, 1992 – 99 ж. ҚР-ның Түркиядағы Елшілігінің 1-хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мамандар мен оқу орындары басқармасының бастығы, министрліктің Әкімшілік және бақылау департаменті директоры, ҚР Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі, 1999 жылдан ҚР-ның Пәкстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
 

Шәкен Ниязбеков

(1938-2014)

Мемлекеттік тудың авторы

Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Ленинградтағы  В.И.Мухин атындағы көркем - өнеркәсіптік училищесін бітірген.        

Шәкен Ниябеков –  Қазақстанның Мемлекеттік Тудың авторы. 1992 жылы мемлекеттік тудың жобасына жарияланған халықаралық байқау қатысқан суретші Қазақстан, Түркия, Германия, Монғолия және ТМД елдерінен өз жұмыстарын жолдап, бақ сынаған 1200 тарта суретшінің ішінен жеңіске жетті. Сөйтіп, Қазақстанның мемлекеттік туының авторы атанды.

Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде, бір жыл ішінде әке-шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады.

Орта мектепті бітіргеннен кейін Шәкен Ниязбеков атақты «Мухинкаға» (Ленинградтың В.И. Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесі) оқуға түседі. Студент кезінде ол ЭрмитажИсаак соборы және Петродворецті қалпына кетіру жұмыстарына қатысады. Шәкен Ниязбеков өзінің ең басты ұстазы ретінде Әбілхан Қастеевті атайды.

Соңғы отыз жылдан астам уақыт көлемінде суретші көптеген конкурстарға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атанды. Өмірінің кейбір кезеңдері: 1961 жыл — «Глобус» теледидарының дизайны үшін Чехословакияда берілген алтын медаль, 1964 жыл — Ленинградта өткен «Бейбітшілікті қолдаймыз!» атты плакаттар конкурсында бірінші орын, 1982 жыл — Алматы қаласындағы Республика алаңын көркем безендіруден өткен конкурста бірінші орын. Сондай-ақ пультті ең алғаш ойлап тапқан қазақ азаматы. Ол 1960 жылдары Ленинград сурет академиясында оқып жүргенде осы өнертабысы арқылы жұртшылықты таң қалдырған болатын. Сонымен қатар Ш.Ниязбеков 1964 жылы Чехословакияда өткен өнертапқыштардың халықаралық байқауында бас жүлдені ұтып алады. Кейін онысы Ленинградтағы көрмеге де қойылып, өкінішке қарай осы дүниесі қолды болып, оны ұрылар жымқырып кетеді. Сол үшін тіпті іске Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті адамдары да араласқан көрінеді. Көп ұзамай ұрлық ашылып, мұны Жапонияның жансызы алғаны айғақталады. Сөйтіп қылмыстың өтеуіне жапондықтар Шәкен Ниязбековке 20 мың рубль төлепті.

«Құрманғазы», «Көбік шашқан», «Исатай Тайманов», «Абай», «Шоқан Уәлиханов», «Мұхтар Әуезов», «Сырым Датұлы», «Жамбыл», «Қазақстаннан келген солдат», «Ана» деген жұмыстар суретшінің жеке көрмелеріндегі каталогтардан қомақты орын алады. Оның жетістіктеріне, сондай-ақ, патриот Бауыржан Момышұлының зиратына қойылған құлпытас пен Алматы қаласының елтаңбасын да жатқызуға болады.

Шәкен Ниязбеков — Қазақстанның мемлекеттік туының авторы. 1992 жылы ол ҚазақстанТМДТүркияГерманияМоңғолия елдерінен 1200-ге тарта суретші қатысқан конкурста жеңіп шықты.
 

Өмірбек Байгелді

(1939-2024)

       Өмірбек Бәйгелді Жамбыл ауданының Қызыл Октябрь (қазіргі Ерназар) ауылында дүниеге келді. 1955 жылдың тамыз айынында Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы «Қызыл Октябрь» ұжымшарында жұмысшы ретінде мансабын бастады.

Алматы зооветеринарлық институтын (1962) ғалым-зоотехник мамандығы бойынша үздік бітірді.

     1957 жылдың шілде айынан бастап комсомол ұйымының хатшысы. 1962 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы Свердловск ауданы ауыл шаруашылығының өндірістік басқармасы ауылшаруашылық өнімдерінің дайындалуын бақылау бойынша аға зоотехнигі, бас зоотехнигі, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары.

1966 жылдан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өндірістік басқармасы бастығының орынбасары, бастығы және 1975 жылдың тамыз айынан Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі.

1982 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1984 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Компартиясының Жамбыл облысы Қордай аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1990–1993 жылдары Жамбыл облысының №83 Қордай сайлау округінен сайланған ҚазКСР халық депутаты, заңнамалар, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері комитетінің мүшесі.

1990 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, және 1990 жылдың маусым айынан Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы. Сонымен қатар 1990 жылдың шілде айынан Жамбыл облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы.

1992 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысы әкімшілігінің басшысы қызметін бастаған, бұл қазіргі Жамбыл облысы әкімінің аналогы.

1995 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы, және 1999 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары. Бірінші қызметін 2011 жылғы дейін жалғастырса, екіншісін 2005 жылы ғана аяқтады. Астанадан тыстағы Ұлттық пантеонда жерленген.
 

Жандар Кәрібаев

(1939-2020)

      Жандар Кәрібайұлы (20.11. 1939 ж. т., Түлкібас ауданы) – қоғам қайраткері. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1965), Алматы Жоғары партия мектебін (1975), Халықаралық құқық академиясын (1999) бітірген. Еңбек жолын Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-интернатында неміс тілі пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 1966 – 1969 жылдары Жамбыл ауданындағы  «Шұғыла» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1969 – 1976 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық «Шұғыла» – «Радуга» газетінің редакторы, 1976 – 1984 жылдары Жамбыл аудандық партия комитетінің хатшысы, 1984 – 1992 жылдары Жамбыл облысының партия комитетінің идеология, кейіннен ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімдерін басқарды. Жамбыл облысы Мәдениет басқармасының бастығы болды. 1995 – 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды. Сенаттың Аймақтық даму және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Астана» медальдарымен, ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясының күміс медалімен, «Алтын Барыс» белгісімен марапатталған. Сондай-ақ бауырластықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Моңғол Халық Республикасының «Достық» орденімен марапатталған. Кәрімұлы 100-ден астам көлемді публицистмкалық мақалалардың авторы. Олардың таңдаулылары «Ат тұяғын қыздырған Атамекен» деген атпен жеке кітап болып шықты.
 

Алахан Жапарбеков

 

      Алахан Жапарбеков (1914, Жамбыл ауд. - 2001, Жамбыл ауд. Бірлесу Еңбек а.) - соғыс және еңбек ардагері. Жауынгерлік 3-дәрежелік Даңқ орденінің иегері. 1941 ж. тамыз айында әскер қатарына шақырылды. Сталинград түбіндегі шайқаста "Ерлігі үшін" медалін алды. Дон және Висла өзендерінен өту кезінде жауға қарсы көрсеткен ерлігі үшін үшінші және екінші дәрежелі Даңқ ордендеріменБерлинді шабуылдау кезіндегі көрсеткен батырлығы мен тапқырлығы үшін 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марпатталды. Соғыстың соңына қарай қираған қалалрды қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысты. 1945 ж. елге оралғаннан кейін, өзі туып өскен ауылдың шаруашылығын жолға қоюға белсене атсалысады,сал басын арттыруға, онан алынатын өнімдердің молшылығы мен сапасын жақсартуға көп күш-қуатын арнайды. Ұзақ жылдар бойы мал фермасын басқарады. Жамбыл аудынының құрметті аадагері.
 

Кемпірбеков Әсет

 

        Кемпірбеков Әсет (23 мамыр 1923 жылы туған, Жамбыл облысыЖамбыл ауданы Қаракемер ауылы) — еңбек және соғыс ардагері.

Дулат тайпасының Жаныс руынан.

1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Бішкектегі әскери училищеде оқыды. 1944 жылы кіші лейтенант дәрежесінде соғыс майданына аттанды. 1-Белорусс майданы құрамында болып Польшаны азат етуге, Одер өз-н алуға, Померания – Шнейдемюль операциясына, Берлинді алуға қатысты. Көрсеткен ерлігі үшін оған жоғарғы Бас Қолбасшы И.В. Сталиннің бұйрығымен алғыс жарияланды. Рейхстагты шабуылдау кезінде ауыр жарақат алды. Ол басқарған взвод Рейхстагқа ту тігуді қамтамасыз етті. Рейхстагты алуға атсалысқаны үшін Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылды. Бірақ оған Мәскеу 1-дәрежелі Отан соғысы орденін берумен шектелді.

1962 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірді. 1947–1964 жылы орта мектеп мұғалімі, оқу ісі меңгерушісі, 1964–1983 жылы Қаракемер орта мектебінің директоры. «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Кемпірбеков есімі «Герой штурма Рейхстага» атты кітапқа енгізілген.
 

Дабыл Жуанышев

(1919-1994)

 

        Дабыл Жуанышев (22 шілде 1919 ж.т., Жамбыл ауданыБірлесу-Еңбек ауылы - 26 қазан 1994 ж. Тараз) - заңгер. Жамбыл стансасындағы ФЗО курсын бітірген соң паровоз машинисінің көмекшісі деген мамандық алады. Одан кейін "Халық шаруашылығы" мектебін үздік тәмамдаған соң, Воронеж қаласындағы осы іспеттес училищеге оқуға жіберілды, онда "есепші, экономист, жоспарлаушы" мамандығына ие болады. 1941-46 ж. туған ауылында ұжымшардың есепшісі болып жұмыс істейді. 1943 ж. Алматы заң институтының сырттан оқытатын бөлімінде оқиды, 1946 ж. Жамбыл облысындағы Талас ауданының, 1948-51 ж. Жамбыл қаласындағы 2-ші учаскелік судьясы қызметін атқарады. 1952 ж. басынан мамырдың аяғына дейін Жамбыл облыстық Соты Төрағасының орынбасары, 1952-55 ж. Қызылорда облысының, 1973- 82 ж. зейнетке шыққынға дейін Жамбыл облысы Соттары Төралқасының төрағасы болды.
 

Ералы Дадабаев

 

      Далабаев Ералы 1934 ж.т., Жамбыл ауданыТанты ауылы ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушысы.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтынҚазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

1964-72 ж. еңбек жолын орта мектептің мұғалімдігінен бастап, Талас аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, "Ойық", "Бостандық" кеңшарларында партия комитеттерінің хатшысы, 1972-80 ж. аудандық халық бақылау комитетінің төрағасы, 1980-90 ж. "Ойық" кеңшарында директор, 1990-94 ж. Талас аудандық партия комитетінің бірінші ххатшысы, халық депутаттары аудан кеңесінің төрағасы, аудан әкімі; 1996 жылдан Жамбыл ауданындағы "Шайқорық" өндірістік кооперативінің төрағасы. "Құрмет Белгісі" орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марпатталған.
 

Бейсенбай Сабаев

 

       Бейсенбай Сабаев (1924 жылы туған, Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы) – еңбек ардагері. Жамбыл зоотехникалық техникумынШымкент мұғалімдер институтын, Абай атындағы Алматы педагогика институтын бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Жеңіс күнін Кенигсберг қаласында қарсы алады. 1946 – 55 жылы мектеп мұғалімі, директор, Жамбыл ауданы партия комитетінде парткабинет меңгерушісі, Шу ауданы партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі,1955 – 59 жылы Луговой ауданында колхоздың төрағасы, 1959 – 62 жылы Талас ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы, 1962 – 64 жылы Жамбыл ауданы колхоз төрағасы, 1964 – 79 жылы «Қаракемер» кеңшарын басқарды. 1979 – 84 жылы Жамбыл ауданы инспекциясында қызмет істеді. Жамбыл ауданы соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы. Еңбек Қызыл ТуҚұрмет Белгісі, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған

 

Костянкин Арнольд Лазаревич

 

Костянкин Арнольд Лазаревич (1930 жылы туған, бұрынғы Талдықорған облысыПанфилов ауданы) – ауыл шаруашылығы өндірісінің қайраткері, Жамбыл облысының құрметті азаматы. Алматы ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірген (1968). Еңбек жолын 1950 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысыКөкпекті ауданының аруа шаруашылығы бөлімінде агроном болып бастаған. 1966 жылға дейін Талдықорған, Жамбыл облыстарында агроном, бас агроном болып жұмыс атқарды. 1966 жылдан бері Жамбыл облысы Жамбыл ауданының "ХХІ партсъезд" атындағы ұжымшарды 30 жылдай уақыт басқарды. 1995 жылдан осы аудандағы «Колос» шаруа қожалығының басшысы. Ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін "Ленин", "Октябрь революциясы" және "Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапатталған. Бірнеше рет облыстық және аудандық кеңестерге депутат, Қазақстан колхозшылары кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланған.

 

Тілеуқабыл Төребеков

Тілеуқабыл Төребеков (17.4. 1925Жамбыл облысыЖамбыл ауданыАйша бибі ауылы) – соғыс және еңбек ардагері. Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген (1959).

1941 – 1943 ж. Ақкөл ұжымшарындағы сүт-тауар фермасының есепшісі,

1945 – 1950 ж. әскер қатарында қызмет етті,

1950 – 55 ж. облысы партия к-тінде насихатшы, 1-хатшының көмекшісі, бөлім меңгерушісі, нұсқаушы,

1959 – 1960 ж. облыстық тамақ өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы,

1960 – 1966 ж. облысы партия к-тінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі,

1966 – 1970 ж. Жамбыл қ. партия к-тінің 2-хатшысы,

1970 – 1983 ж. қалалық атқару комитетінің төрағасы,

1983 – 1987 ж. орта мектеп директоры.

1995 жылдан соғыс, еңбек және Қарулы күштер ардагерлерінің облысы кеңесінің төрағасы.

ІІІ дәрежелі «Даңқ», Отан соғысыЕңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
 

Смаилұлы Спартак

 

       Смаилұлы Спартак (1942 жылы туған, Талас ауданы Ерназар ауылы) – ұстаз.

Педагогикалық ғылыми доктор, профессор Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген (1970). 1971 жылы бастап Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында, кейіннен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде қызмет етіп келеді. Қазіргі кезде аталған оқу орнының «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарады. Смаилұлы 4 монографияның, 6 оқу және 20 әдістемелік құралдарының, 73 ғылыми еңбектердің авторы.

 

Серік Қалиев

(1961-2023)

          Айтыскер ақын, журналист Серік Қалиев 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген.  

1978-1983 жылдары жоғары оқу орнында (ЖГМҚИ) оқыған. 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Өлеңдері 1987 жылы жас ақындардың "Қарлығаш" ұжымдық жинағына ("Жалын") енген. "Отыз тістен шыққан сөз", "Ақ моншақ", "Жұлдыз сезім", "Егіздің сыңары" , "Ашық хат", "Болашаққа хат" шығармаларының авторы.

 

Сайлаубек Тәукейұлы

 

Сайлаубек Тәукейұлы 1947 жылы 16-шы ақпанда  Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген.

1963-1964жж. Шопанның көмекшісі, колхоз Қызыл Октябрь

1970-1972 жж. Жамбыл облыстық балалар ауруханасында - хирург;

1972-1973 жж. Алматы қаласындағы № 1 клиникалық балалар ауруханасында - хирург;

1973-1975 жж. Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігінде дәрігер-инспектор, оқу орындары мен кадр басқармасының орынбасары;

1975-1979 жж. Қазақ ССР денсаулық сақтау министрінің көмекшісі;

1979 -1981 жж. Алматы қаласындағы № 2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері;

1981-1989 жж. Алматы облысының клиникалық ауруханасының бас дәрігері;

1989-1992 жж. Қазақ ССР мейірімділік және денсаулық қорының бастығы;

1992-2012 жылдар аралығында Алматы қаласындағы № 4 қалалық емхананың бас дәрігері және Алатау, Бостандық аудандарының бас дәрігері; Әуезов, Москва аудандарында халық депутаты;

1999-2003 жылдары Алматы қалалық мәслихатының депутаты;

СССР және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

2012 жылдың қыркүйегінен бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі.

2023 жылдың  қыркүйек айынан Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы меңгерушісі м.а.