Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Кітап тарихи мұра, асыл қазына» тақырыбында Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының директоры О.Қоңыратбаевтың сыйлық ретінде берілген кітаптарының тұсаукесері кітапхана оқырмандары мен мектеп, ауылдық кітапханашыларының қатысуымен өтті.
Тұсаукесер «Жарқын жолға бастаған – рухани жаңғыру» тақырыбында кіріспе сөзбен ашылып,тұсаукесер рәсімін орындау салтанаты Жамбыл ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сырлыбаев Бақыт Уәлиұлы мен білім саласында көп еңбек еткен,тарихшы, кітапхананың тұрақты зейнеткер оқырманы Сапарбеков Алтынхан Мәдібекұлына берілді.
Шараның негізгі бөлімінде кітаптарды таныстыруды қамтыды. Атап айтсақ, Шашаев Ә.К. «Түркістан өлкесіндегі империялық-полицейлік қадағалаудың тарихы» атты монографиялық зерттеуді салтанаты Жамбыл ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Сырлыбаев таныстырса, Уахит Шәлекенов, Мұрат Шәлекеновтың «Ежелгі Орталық Азиядағы мемлекеттер мен империялар» атты кітабын Бектөбе ауылдық кітапханасының кітапхана меңгерушісі Жұмаханова Сандуғаш айтып өтті, Қожамжарова Д.П. «Жетісу Ресей империясының құрамында» кітабын кітапхананың тұрақты зейнеткер оқырманы Сапарбеков Алтынхан Мәдібекұлы Жетісу өлкесінде жүргізілген отаршылдық саясаты, қазақтар мен орыс шаруаларын қоныстандыруы және оның салдары, жергілікті халықтың дәстүрлері, жер пайдалану жүйесінің бұзылуы, отаршылдық саясатқа қарсы шыққан төрелер мен билердің, батырлардың және тағы басқа Ұлы жүз билерінің ерліктері жайлы баяндап берсе, Махмудов М.М. «История медицины и здравоохранения в Средней Азии» атты кітабы жайлы Ақбұлым ауылдық кітапханасының кітапхана меңгерушісі А.Жанабаева монографияда Орталық Азиядағы медицина мен денсаулықты дамытуы сөз болатын айтса,Абдрасилова З.С. «Түркістан өлкесінде кәсіпкерліктің дамуы» жайлы кітабында Сырдария мен Жетісу облыстарының мысалында 1861-1917 жылдар аралығында Түркістан өлкесінде кәсіпкерліктің даму тарихын кеңінен айтылды. Сонымен қатар, История Жамбылской области атты құжаттар жинағымен Гродеково ауылдық кітапханасының кітапхана меңгерушісі Т.Гарбуз кітаптың мәніне тоқталып өтіп, құжаттар жайлы ақпараттар берді. «Кітап-ғасырлар мұрасы» атты слайд арқылы таныстырылып, көпшіліктің ой-пікірі айтылып, баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру – ұлттың болашағы» кітап көрме, көрме – инсталяция көпшілік назарына ұсынылды.
Кешті аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Қалисаева қорытындылады.