Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай «Тәуелсіздік түндігі – Астана» атты әдеби-музыкалық композиция кітапхана оқырмандары мен жастар арасында өтті.
Мақсаты: Астана қаласына, еліне, елбасына деген құрмет сезімге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру. Бас қала – Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру, қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға, шығармашылыққа баулу. Отанымыздың жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Әдеби-музыкалық композиция Б.Беспаев атындағы орта мектебінің шәкірттерінің орындауында «Жайна Астана» флешмобымен ашылды. Кешті оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Асхатаева Құралай мен Ақбұлым ауылдық кітапхананың кітапхана меңгерушісі Жанабаева Айжан жүргізді.
Кеш барысында Астана қаласының тарихынан шолу жасап, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Құрманбаева Ботагөздің орындауында «Туған жер» әні мерекеге шашу болып шашылды. «Астана-бар қазақтың алтын бесігі» деп Б.Момышұлы атындағы орта мектеп оқушылары мен Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің оқушылары М.Алипчиева, М.Әбу, Ә.Әбдірахман, М.Досан, Б.Беспаев атындағы орта мектебінің шәкірті Латипова Сальбиназ, №38 орта мектебінің 3 сынып оқушысы Жақсыкелді Айару «Астана» атты жыр-шумақтарын тебіренте жатқа айтып берді және Құрманәлі Бекжанның орындауында «Қазағым» әні жиналған қауымның көңілін көтерсе, «Астана – ұлы дала ажары» атты көрмені оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева таныстырып, «Ертегім неткен, мұратына жеткен» ертегілер көрмесі және көрме-инсталяциялар, «Астана тарихы-ел тарихы» атты слайд көпшілік назарларына ұсынылып, кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Айбардың Астанаға саяхаты» атты ертегіні жиналған қауым ықыласпен тамашалады. Кіші оқырмандарымызға «Ойлы болсаң – озып көр» тақырыбында түрлі ойындар ойнатылып, белсене қатысқан балаларға кітапхана атынан сыйлықтар таратылды. Кеш кітапханашылардың флешмобымен жалғасын тауып, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлап мерекеге арнайы дайындалған тәтті бауырсақтан көпшілік дәм татты.
Мерекелік шараның соңы «Астана» әнінен шашу шашылып, концерттік бағдарламаға ұласты.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/120-t-uelsizdik-t-ndigi-astana-debi-muzykaly-kompozitsiya.html#sigFreeId3595417aed