Аталған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Тілеумұрат Шабден Тоқтасынұлы, Жамбыл ауданының әкімі Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Несіпбеков Нұрлан Күдербайұлы, Облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Сейтов Райымбек Сияқұлұлы, ауыл тұрғындары, жастар, ауыл кітапханашылары қатысты.
Салтанатты жиынды «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Тілеумұрат Шабден Тоқтасынұлы мен Жамбыл ауданының әкімі Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы ашып, Айшабибі ауылының тұрғындарын заманауи орталықтың ашылуымен құттықтады. Келесі кезекте аламан айтыста ауданның намысын қорғап жүрген Нұрман Бақнұр арнауын көпшілікке ұсынды. Кітапхана директоры Қалисаева Аида Қуанышқызы бірнеше аймаққа бөлінген коворкинг орталығының қызметімен таныстырып өтті.