Жақында аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жанынан ашылған «Зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар» бөлімінде «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі аудандық бастауыш ұйымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Енді бұл ұйым көз жанарынан айырылған зағип жандарға көмек қолын созатын болады. Шараға «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы төраймының міндетін атқарушы Гүлнұр Нұрмашева, нұсқаушысы Алма Жамаева және қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты. Ұйымның басты мақсаты - зағип жандарға көмектесіп, қоғамдық жұмыстарға тарту, қызығушылық қабілеттерін айқындап, олардың рухани –мәдени тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Басқосу барысында кітапханашы Замира Хожамқұлова шілде айында ашылған аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөліміндегі тифло –құралдарымен, кітап қорымен таныстырып өтті. Ал аудан аумағында тұратын зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бастауыш ұйымға мүше болып қабылданып, ұйымның төрағасы ретінде Бернар Сертеков сайланды. Шара соңы аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/125-bastauysh-jymy.html#sigFreeId0f803a20ff