28.11.2018 жылы Айшабибі ауылдық мәдениет үйінде Айшабибі ауылдық кітапхана меңгерушісі С. Мусралиеваның ұйымдастырумен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында "Еңбекпен өрілген өмір" атты тақырыбында "Туған жер" бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет.
Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана емес, оны бүгінгі күнмен өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жету үшін еңбек ету-басты парыз. Осындай парызды адал атқарып келген, өзі туып-өскен елі мен жеріне қызмет етіп, өркендеуіне зор үлес қосқан Жамбыл ауданының Құрметті азаматты Қызыл Ту орденімен, Октябрь революция орденімен ХХІ сьезіне делегат болған, Ленин орденімен мартапатталған, депутат болған Айшабибі ауылымыздың тұрғыны Бегайым Қабашева апаймен кездесу кеші өтті. Кешке Айшабибі ауылдық округі әкімі Р. Сеитов, ардагерлер Кеңесінің төрағасы Р. Мұсатаев, ауыл тұрғындары Күлшат, Алиша апа ларымыз және мектеп оқушылары қатысты. Туған жерінің қадірін түсіне білетін ұстаздардан тәлім алған ұрпақ ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейлеріне тоқып, қадірін жете біледі деген сенімдеміз. Тарих тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа рухани жаңғыру аясында жалғас бермек.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/130-e-bekpen-rilgen-mir.html#sigFreeId4ec73d2b98