Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің оқушыларының қатысуымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» тақырыбында поэзиялық батл өтті. Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мерекеге жиналған қауым мемлекеттік Әнұранды қолын жүрегіне қойып тыңдап, қосыла шырқап, тәуелсіздікке арналған әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген Жанатбек Бағдәулеттің орындауында Құрманғазының «Арба соққан», Рахманберді Нұрзаттың орындауында Дәулеткерейдің «Түркімен күйі» атты күйімен ашылды. Кеш балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы З.Хожамқұлованың және Қазыбек Ақтолқынның орындауында «Туған жер» әндерін әнін орындаса, Гагарин атындағы орта мектеп-лицейінің 5- сынып оқушылары: Әбу Малика, Досан Маржан, Әбдірахман Әйгерім тәуелсідікке арналған арнауларын көпшілікке мәнерлеп оқып берді. Кеш барысында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі слайд арқылы көрсетіліп, «Тәуелсіз елім - тірегім» атты ашық қарауға библиографиялық шолу жасады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/132-t-uelsizdik-ta-y-m-gilik.html#sigFreeId37a46152e4