Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Қолөнер шеберлері клубының мүшелерімен «Оюмен ой атқан елміз» тақырыбында «Халық өнері-асыл қазына»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында салт-дәстүрге бағытталған «Оюмен ой атқан елміз» тақырыбында  «Халық өнері-асыл қазына» атты қолөнер шеберлері клубының мүшесі Ш.Қарғабаева мен Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің шәкірттері мен жастар тәжірбиесі бойынша ағылшын пәнінің жас маманы Сейдіғали Құралай Фазылханқызының  қатысуымен сұхбат өтті.

Мақсаты: Жастарға ою- өрнек туралы түсінік беру, қазақ халқының

ою- өрнек түрлеріне сипаттама беру,оюдың жасалу әдісін,көрсету арқылы ою- өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.Ою- өрнек арқылы жастардың ой-өрісін,білімін жан- жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт- дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу, қолөнерге қызығушылықтарын арттыру.


Cұхбат кеші 2 бөлімді қамтыды. Бірінші бөлім  «Ою-өрнек – халықтық мұра» тақырыбында. Бұл бөлімде жастарға толықтай салт-дәстүр жайлы мағлұматтар толықтай беріп, кітапхана жанынан ашылған «Халық өнері-асыл қазына» атты қолөнер шеберлері клубының мүшесі Шолпан Қарғабаеваны жастарға таныстырды.

Кештің негізгі бөлімі «Қазақ ұлттық ою-өрнегінің сыры» деп аталды. Бұл бөлімде жастарға қазақтың ою-өрнегі жайлы әңгіме қозғалып, жүргізуші оюдың шығу тарихынан кеңінен тоқталып, жастарға үлгі ретінде Шолпан Жүсіпқызы ою-өрнектің сыры мен қырын ойып көрсетіп, жасалу әдісін таныстырып, шараға қатысып отрығандардың да қолынан келетінін айтып, жастардың ою ойғанына көңіліміз толып, жастардың қолөнерге деген қызығушылықтарына көңіліміз толды. Кеште «Ою-өрнек – рухани өмірдің айнасы» тақырыбында  ашық қарауды  қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар, «Қолөнер-сырлы өнер» тақырыбында клуб мүшелерінің қолынан шыққан бұйымдарынан ашық қарау, «Ою ойғанның ойы ұшқыр» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.