«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің жаңа белесі» жобасы аясында «Саналы азамат» бағыты бойынша «Латын әліпбиі:жаңғырудың рухани тұтастық негізі» сұхбат кеші өтті. Кеш қонақтары: «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының орынбасары Садралиев Әзіретәлі, «Нұр Отан» партиясының консультанты Көпбергенов Төленді Жексенбайұлы,
Жамбыл ауданы әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Шаймерденова Аян Айдосқызы қатысты. Кеште әліпбидің алғаш шығу тарихы, әлем халықтары арасында таралуы, қазіргі заманда әліпбидің қолданылуы және қажеттілігі туралы ақпарат берілді. Іс-шара барысында латын қаріпінде диктант жаздырылды және «Әліпби-ұлт болашағының негізі» атты ашық қарау, «Латын әліпбиі: жаңғыру–жазудан басталады» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/136-latyn-lipbiine-k-shu-aza-tilini-zha-a-belesi.html#sigFreeId5a1c4020e2