Аудандық орталық кітапхана мен Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі бірлесіп, кітапхананың білім орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақсатты бағдарламасы аясында «Туған жер» жобасы бойынша «Туған жердің дара тұлғалары» тақырыбында шаруа қожалығымен айналысатын кәсіпкерлермен кездесу кеші өтті.
Кездесу кеші ауыл тақырыбында кіріспе сөзбен ашылып, кеш қонақтары таныстырылды. Кеш қонақтары: «Агро Шоқай» шаруа қожалығының басшысы, кәсіпкер Пірімқұлов Сембек Шайхыұлы, «Берікқожа» шаруа қожалығының басшысы Дайырханова Әселкүл Тоқбергенқызы, Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Төлендиев Бауыржан Жанатбекұлы қатысты.
Тағылымы мол кеште «Ауыл азаматымен ажарлы» тақырыппен кәсіпкер С.Пірімқұловтың, А.Дайырханованың ғибратты өмір жолы мен ерен еңбектерін көпшілікке таныстырылды. Іс- шарада «Кәсіпкердің белсенділігі артқан» тақырыбында Елбасының кәсіпкерлерге қолдау көрсету жолдауы негізге алына отырып, әңгіменің өзегіне айналған ой қозғау сұрақтарымен жастар кәсіпкерлік тақырыбын үлкен қызығушылықпен талқылады. Жеке істі қалай ашуға болады, немен айналысу керек, бизнесті неден бастау керек, кәсіпкерге көмектесу үшін мемлекет қандай шаралар қолданады, бизнес-жоспар не үшін қажет және т.б.жалғасып,кеш қонақтары бірде-бір сұрақты жауапсыз қалдырмады. Кешке қызығушылық танытқан көпшіліктің пікірімен жалғасып С.Пірімқұловтың шығармаларынан өлең жолдары оқылды. Кешке арнайы жасақталған «Ауыл өркендесе,ел көркейеді» ашық қарау, «Кәсіпкер-мақтанарлық мамандық» слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/137-tu-an-zherdi-dara-t-l-alary.html#sigFreeId0d7ee5186f