Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ойынменен бой түзейді жас ұрпақ»

22 Наурыз мерекесіне орай  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани қазына» бағыты бойынша «Ойынменен бой түзейді жас ұрпақ»   жастар арасында ұлттық  ойындарды жандандыру ойын кеші өтті.  Кешті аудандық орталық кітапхана мен «Жастар ресурстық орталығы» бірлесіп ұйымдастырды.


Мақсаты: Халқымыздың аса құнды мәдени игіліктерінің бірі ұлттық ойындар жөнінде жастарға түсінік беру.Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау,ойындар жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын көңілді өткізуіне, ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз ұлттық ойын екенін біліп өсуге, денсаулықтарын шыңдай түсуіне септігін тигізумен қатар, олардың халқымыздың әдет-ғұрыптарынан нәр алып, ойынға деген қызығушылықтарын арттырып, жастарды шапшаңдыққа, мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа әдептілікке тәрбиелеу,ой өрісін, таным қабілеттерін дамыту.


Кеш қонақтары: Жамбыл ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Ережепбаев Сайлаубек, аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кіші қызметкері,Ұлттық асық ойынын жастарға насихаттап, жеңіпаз атанған  Қыдырбаев Тоқтар Әділбекұлы қатысты.

Іс-шара барысында ұлттық ойындардан  теңге ілу, жамбы ату, асық ойыны, қол күрес, бес тас, арқан тартыс, сақина жасыру, тоғызқұмалақ  ойындары бойынша бақтарын сынап, қызықты ойын түрлерін көріп, ойынға белсене атсалыса ойнап,қызықтады. Асық ойынан 2 ойын ойнатылды. 1 ойында Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 4 сынып оқушысы Нұрхан Ілесбек алса, 2-ші ойында Гагарин мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы Нұркелді Айбек жеңісті қолдан бермеді. Сондай-ақ тоғызқұмалақ ойынын Гагарин мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Сарықбаева Айбибі мен 8 сынып оқушысы Абдрахманова Әсель ойынды неден бастап ойнау керектігін көпшілікке көрсетті және «Арқан тартыс» ойынында «Нұрхат» тобы мен «Айбек» тобы білек күштерін сынап арқан тартысты. Жеңіске  «Нұрхат» тобы жетті. Шараға «Ұлттық ойын –халық мұрасы» атты ашық қарау,сондай-ақ  «Ұлттық ойын-салауатты өмір салты» видео слайд көпшілік назарына ұсынылды.

.