Аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығының» акт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-туған ел» базалық бағытын жүзеге асыру барысында жергілікті ақын, жазушы Н. Тілегеновтің шығармаларына арналған «Балалар өмірінің айнасы» атты аудандық байқау өтті.
Іс – шара Мұқан Төлебаев атындағы музыка мектебінің «Көкіл»домбырашылар ансамблінің орындауында Әубәкіровтың «Талас» күйімен ашылды.
Кештің құрметті қонағы жергілікті ақын, жазушы Нұрмахан Тілегенов.
Іс – шара 4 кезеңнен тұрды:
1 кезең: «Оқырман жаны –сыр сандық» сайыскер өзін таныстырды.
2 кезең: «Менің сүйікті ақыным» жергілікті ақын Н. Тілегеновтің шығармасын жатқа оқу
3 кезең: «Ертегі еліне саяхат» сайыскер ертегі кейіпкерлерін табады
4 кезең «Жұлдызды сәт» жұмбақтың шешімін табу
Балдырғандар 4 кезең бойынша сайысты. Байқау нәтижесі бойынша Б. Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясының 3 сынып оқушысы Орынбасар Мұхамедәлі 1-ші жүлделі орынды иеленді. Жүлделі екі екінші орынды Қ. Сартбаев атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы Таңатар Досымжан мен Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназияның 4 сынып оқушысы Әубәкір Зәуре бөлісті. Екі 3-ші орындарды Б. Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясының 1 сынып оқушылары Рәпілбек Айсәуле мен Жақсылық Айару иеленді. Байқауға қатысушылар «Алғыс хатпен» ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар кітапхана оқырманы Құрбанбаева Ботагөз «Туған жер» әнін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева ақынның иығына шапан жауып, сыйлық тапсырды.
Жергілікті қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қаламы қарымды қаламгер» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап таныстырылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/139-zhergilikti-a-yn-zhazushy-n-tilegenovti-shy-armalaryna-arnal-an-balalar-mirini-ajnasy-audandy-baj-au.html#sigFreeIdea4ff446c7