Аудандық орталық кітапхана, Аса ауылдық округімен бірлесіп 1 мамыр - ынтымақ күніне орай "Көп ұлтты болуымыз - біздің байлығымыз" қонақжай кеші жастар арасында, екі тілде өтті.
Кеш қонақтары: Дмитриеева Любовь Александровна - орыс ұлт өкілі, Горкова Надежда Александровна - украйн ұлт өкілі, Гебель Миля Оскоровна -неміс ұлт өкілі, Қожабекова Эльмира Нарыбекқызы -қырғыз ұлт өкілі, Бектөбе аулының «Бектөбе» мешітінің имамы -Таңатаров Ғани Жанұзақұлы қатысты. Кеш барысында қонақтар ой – пікірлерін білдіріп, қызықты оқиғаларын әнгімелеп, көпшілікке арнап Украйн тілінде, орыс халық әнін тарту етті. Кеш соңында қонақтарға ризашылығын білдіріп, сыйлықтар табыс етті.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/142-k-p-ltty-boluymyz-bizdi-bajly-ymyz-ona-zhaj-keshi.html#sigFreeId2c56ba138a