Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталық» кітапхана күндері»

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталық» кітапхана күндері аясында Жамбыл ауданы Шайдана ауылдық кітапханасының «Талаптың мініп тұлпарын» атты поэзия кеші өтті.

 

Елбасының жарлығымен «2019 жыл-Жастар жылы» болып жарияланды. Сондықтан ел тірегі–жастар екенін әсте есте шығармаған абзал. Іс-шара Шайдана ауылдық кітапханасынан ашылған «Өнер алды-қызыл тіл» көркемсөз оқу үйірмесінің мүшелерімен өтті. Кеш барысында «Өнер алды-қызыл тіл» үйірмесінің белді мүшелері, аудандық, облыстық, республикалық көркемсөз оқу байқауларының жүлдегерлері  Бақытұлы Орынбасар, Мырзахан Нұрболат Дарханұлы, Рахымбай Кенен, Жамалбек Сұлтандар қатысып, Оралхан Бөкейдің «Тракторшының қызға жазған хаты» прозадан үзінді, Мұқағали Мақатаевтың «Сезім сыры», Мұхтар Шаханов - «Бақыт геометриясы», «Қасқырдың монологы»  орындап берді.  Сонымен бірге  көркемсөз оқу үйірмесінің кішкентай белсенді оқырманы Бақытұлы Жанболат Н.Тілегеновтың «Үлкенге ізет жаса» өлеңі және Бақытұлы Орынбасар «Тыңда» әнін орындап берді.