Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

9-мамыр Жеңіс күніне орай «Өшпес тарих тағылымы» әдеби –сазды қойылым

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 9-мамыр Жеңіс күніне орай Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына «Өшпес тарих тағылымы» әдеби –сазды қойылым «Аса» - дайындық білім беру орталығының шәкірттерінің қатысумен өтті.

 

Кеш барысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Кеш қонақтары аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мұшелері: Сәлемов Жақсылық,Садралиев Әзіретәлі көпшілікке таныстырылып, оқу залының кітапханшылары Н.Манабаева мен Ғ.Ойықбаева жеңіс мерекесне тұспа-тұс келген аттары аңызға айналған батырларымыз Әлия Молдағұлова мен Рақымжан Қошқарбаевтың өмір деректерін таныстыра келе, «Әлияның майданға аттанар шағы» атты көрініс көрсетіп, жастарға Ұлы Отан соғысы жайлы толығырақ мағлұматтар берді. Кеш барысында сөз қонақтарға беріліп, жастарға ой саларлық, тәрбиесі мол әңгімелерін, жастық шақтарында әкелері соғысқа барып келмей қалғандығы туралы, Жақсылық ата іздеп сонау Ресейге барып соғысқа қатысқан солдаттардың ішінен өзінің әкесінің есімін көргендігі жөнінде әңгіме қозғап, салиқалы ойларымен бөлісіп, жастарға осындай батырларымызды мақтан тұту керектігін және Әзіреталы ата сөз кезегін жалғап жастарға Б.Момышұлының соғыс туралы шығармаларына тоқталып, соны оқуға шақырып, сәттілік пен бейбітшілік тілеп, мерекелерімен құттықтап, ақ тілектерін айтты.


Іс-шара соңында кітапханашылардың орындауында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Сырбай Мәуленовтың «Соғыстан қайтқан солддаттар» атты әнін орындаса, «Аса» - дайындық білім беру орталығының оқушысы Далабай Асылханның орындауында «Мен қазақпын» патриоттық ән шырқалып көтеріңкі көңіл –күймен тарқасты. Сонымен қатар, «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа өнеге» атты ашық қарау мен «Мәңгі есте қалатын күн» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.