Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

 «Қыранға құмар тұлға»

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Қыранға құмар тұлға» тақырыбында   сұхбат кеші  Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 9 «А» сынып оқушыларының  арасында өтті.

 

Іс-шараны оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Қ.Асхатаева жүргізіп, «Құс төресі-бүркіт» тақырыбында  құсбегілік өнерін туралы баяндама жасап, кешке арнайы шақырылған құсбегілікпен айналысатын Ешметов  Бауыржан Ешметұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сариев Шыңғысхан Әлімбайұлын   көпшілікке    таныстырды. Негізгі бөлім «Қазақтың құсбегілік кәсібі» тақырыбында кеш қонағы халқымыздың тамаша аңшылық, саятшылық өнері жайлы айтып, ұшқан құс пен жүгірген аңның әдет-дағдысы, амал-әрекеті, із кесу өнері, аңдарды техникасыз аулау, қазақтың дәстүрлі бүркітті қолға үйрету, баптау, аңға салу әдістері мен тәсілдері және бүркіттің жабдықтары жайлы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, «Қыран бүркіттің қасиеттері» атты бөлімде жастардың арасынан Кенжебек Рамазан,Уайсов Нұрәділ,Қуандықов Диас,Уайсова Нұрай,Өтемұратов Сәкен белсенділік танытып, «Бүркіттің жасы қаншада?», «Бүркітті аңға салғанда,жемтігінен қалай ажыратасыз?», «Жарысқа бүркітті апарғанда өту барысын айтып өтсеңіз», «Жарыс облыс көлемінде өтеді ме?», «Қанша құсыңыз бар?», «Мектебіңізде қанша шәкірттеріңіз бар?» және тағы басқа  қойылған сұрақтарына кеш қонағы жауап беріп, бүгінгі шараға «Садақшаң» атты бүркітті әкелгенін айтып, үйінде 3 бүркіт, 1 сұңқар, 2 қаршығаны баптап отырғаны туралы әңгімеледі, әр құстың өзіне тән аттары бар екенін тілге тиек етіп, Республика көлемінде жарыстарға қатысып,жүлделі орындарды иеленіп жүргенін, құсбегілікпен 5 немересі айналысатынын айтып, қызығушылық танытқан жастарға өз кеңесін беріп, жастарды өзінің мектебіне шақырды. Кешті Ш.Сариев қорытындылады. Шараға арнайы ұйымдастырылған «Құсбегілік-өнердің өресі» атты ашық қарау, «Құсбегілік өнері» тақырыбында  слайд  көпшілік назарына ұсынылды.