Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Бір ел-бір кітап» акциясы

«Бір ел-бір кітап» акция аясында  Қазақстанның  халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың  «Аңыздың ақыры» романы,  ақын, драматург, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор,Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың «Лирикалық өлеңдері» бойынша «Қазақ әдебиетінің тұлғалары»тақырыбында өткен  ашық есік күні ауыл жастары мен ауылдық кітапханашылар арасында өтті.

 

Мақсаты: Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи – мәдени және рухани мұрамызды сақтау, соның ішінде жазба жәдігерлерді сақтаудың өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару,сондай – ақ ақын-жазушылардың өмірінен мәліметтер беру, жастарды кітап оқуға тәрбиелеу,оқырмандарға ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын, «Жыл кітабы-2019» Қазақстанның  халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың  «Аңыздың ақыры» романы,  ақын, драматург, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор,Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың «Лирикалық өлеңдерін» көркем шығармаларын оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту, кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру.

 

Кеш Шайдана ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Байболованың «Ащыбұлақ ауылым» әнімен ашылды.  Акцияның 13 жылдығына орай «Бір ел-бір кітап» кітап шеруі шығарылды. Ашық есік күнінде Г.Жүнісбекова, С.Джумаханава жазушы Ә.Кекілбаевтың өмірдерегінен, «Аңыздың ақыры» романын  баяндап берді. Сондай-ақ, «Сәуле» бөбекжайының бүлдіршіндерінің орындауында «Сәуле батырлары» тобы «Батырлар»биін, «Сәуле жұлдыздары» тобы «Сағат» биін билеп,көпшіліктің көңілін көтерді.

 

Кеш Ә.Кекілбаевтың «Құсқанаты» кітабынан «Көлденең көк атты» шығармасынан көріністі Мәдениет үйінің «Дарын» театрының әртістері сомдады. Іс-шара «Ойлы да сыршыл қаламгер» тақырыбында Ә.Тәжібаевтың өмірдерегін Жалпақтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы З.Орынтаева таныстырып өтсе, «Заманымыздың заңғар тұлғасы» тақырыбында ақын Ә.Тәжібаевтың лирикалық шығармалары мәнерлеп  оқылды.  Ақынның шығармаларынан Шайқорық ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Абдикеримова «Ақын» атты поэмасынан үзінді оқыса, Бесағаш ауылдық кітапханасының кітапханашысы Е.Үмбеталы «Дәлелденген Дарвин» атты  өлеңін мәнерлеп жеткізіп, Жасөркен ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.Курманбекова ақынның «Алатау» атты өлеңдерін жатқа айтып, көпшілік ықыласына бөленді.  Сондай-ақ, кеште Шайдана ауылдық кітапханасының оқырманы Бақытұлы Жанболаттың орындауында «Біз Отанның ұланымыз», «Ана тілі» әні шырқап, көпшіліктің көңілін көтерді.  «Оқы, талқыла, өзгеге ұсын» атты кітап  көрмесін оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева  көрмедегі «Бір ел- бір кітап» акцияның тарихына тоқталып, көрмедегі ақын-жазушылардың шығармаларына шолу жасады. Көрмеге Акция тарихы және дәстүрлі түрде жылма-жыл шыққан  акция кейіпкерлері мен өмірдеректері, биылғы жыл кітабының ақын-жазушыларының еңбектері орын алғанын айтып өтті.  Кеш соңында АОКЖ директоры Қалисаева Аида Қуанышқызы  іс-шараны қортындылап, 2019 жылға дейін барлық оқылуға ұсынылған кітаптардың көрмесі осы кітапханамызда қойылғанын айтып, ақын-жазушылардың шығармаларымен танысуға, кітапханаға оқырман болып жазылуға шақырды. Шара соңында көпшілікке кітапхананың мекен-жайы көрсетілген «Жаңа түскен әдебиеттер» бюллетені, «Бір ел-бір кітап», «2019 жыл кітаптары», «Балаларға арналған ертегілер» атты парақшалар таратылып, кітапханадан тарту ретінде тәтті бауырсақтар, шоколадтар мен балмұздақтардан дәм татты.