Аудандық орталық кітапханада «Сырласу қыз-келіншектер» клубы мүшелерінің қатысуымен «Әдемілік әлемнің жаршысы» атты кеңестер сағаты жас қыз-келіншектер арасында өтті.
Мақсаты: Көпшілікке сұлулық, көркемдік, әдемілік ұғымын сезіне, түсіне, көре білуге тәрбиелеу, адам әдемілігі туралы ой-өрістерін кеңейту, ойлау шеберліктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту, эстетикалық-этикалық тәрбие беру. Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың - әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ете отырып,іс арқылы көрсете білу.
Іс- шара барысында оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева жүргізіп, кеш қонағы жеке кәсіпкер, сұлулық салон иесі Қырықбаева Анар Молдабергенқызымен таныстырды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің меңгерушісі Қ.Асхатаева жан сұлулығы туралы ұлы ғұлама ойшыл ғалымдарымыз айтқан сөздері жайлы айтып, қыз бала және оның тәрбиесі, сұлулық жайындағы мақал – мәтелдердің жалғасын табу арқылы қатысушыларды сергіту сәтімен қызықтырдық. Кеңестер сағатында кеш қонағы Анар ханымға сөз беріліп, сұлулықтың қыр-сыры жайлы әңгімелей отырып, Асемай атты қатысушының бетін әрлеп, тән сұлулығына адамның сыртқы келбеті, әдемі киінісі, шаш сәндеуі, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы жататындығын жөнінде айтып, жастарға көптеген кеңестер берді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/149-demilik-lemni-zharshysy.html#sigFreeIddfb6ef0a37