Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

 «Нұрсұлтан Назарбаев:құрылым дәуірі»

Аудандық орталық кітапханада «Нұрсұлтан Назарбаев:құрылым дәуірі» тақырыптық апталығына «Елбасы асқақтатты  аяулы елін» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілікке шолу жасалды. Бұл іс-шараға кітапхананың тұрақты пайдаланушылары мен жастар қатысты.

            

Мақсаты:Елбасының өмірін, еңбек жолын, тағылымы мол тарихқа толы шығармаларын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру. Елбасын құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының жетістіктерімен танысу,патриоттық сезімін ояту,тарихын құрметтеуге баулу. 

 

Көрмеге Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел»,  «Қазақстан жолы», «Көші – қон және қазақ әлемі», «Нұрлы жол», «Елбасы», «Тәуелсіздік белестері», «Ғасырлар тоғысында», «Большая политика», «Үшқоңыр», «Тәуелсіздік дәуірі» екі тілде, «Елмен сырласу», «Тәуелсіздік шежіресі», «Елбасы жолдады елі қолдады», «Өзек жарды ойлар»,  «Қызметтік хроникасы 1994-2013 ж», «Еуразия жүрегінде», «Туған елім- тірегім»,    «Ойлар мен жылдар», ) «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл» - Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы т.б көптеген кітаптары қойылды.  Елбасының қазірге дейін 26- дан астам авторлық кітаптарының жарық көргендігі,кітаптарының мазмұны еліміздің өткені мен бүгіні һәм келешегі туралы ойлары,   Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды және тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсететіндігін айтып, кітапханашылар Н.Манабаева мен Қ.Асхатаева  библиографиялық шолу жасап таныстырды.