Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының басшыларына Аудан /қала/ әкімдеріне

Әдістемелік көмек көрсету аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын түсiндiру тәртібінде төмендегілер хабарланады.


«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабы 3 тармақ 5) тармақшасының талаптарына сәйкес, ақпарат иеленушілер (жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары) өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда өзгелерден бөлек, өздерінің норма шығармашылық қызметі туралы ақпаратты:


ақпарат иеленуші қабылдаған нормативтік құқықтық актілер тізбесін;

ақпарат иеленуші қабылдаған және қол қойылған телнұсқаларға толық сәйкестікте қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді;

ақпарат иеленуші әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларының мәтіндерін, сондай-ақ түсіндірме жазбаларды, салыстырма кестелерді, ғылыми сараптамалардың қорытындыларын және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сараптама қорытындыларын;

ақпарат иеленуші әзірлейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының (регламенттерінің) жобаларын, сондай-ақ олардың жария талқылануы аяқталғаны туралы есептерді орналастыруға міндетті.


Өзінің интернет-ресурсында ақпарат орналастыруға техникалық мүмкіндігі жоқ ақпарат иеленуші оны жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады.


Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында жаңалықтар легін жаңарту күн сайын жүзеге асырылуға тиіс, өзге бөлімдерді жаңарту ақпарат алынған немесе құрылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.


Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсының басқа тілдердегі нұсқалары да болуы мүмкін.


Сонымен бірге, Заңның 16 бабының 15 тармағына сәйкес, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында қол жеткізу шектелген ақпарат орналастырылуға жатпайды.


Осыған орай, жоғарыдалардың негізінде,


1) Заңның талаптарын жауапты қызметкерлерінің (соның ішінде ауылдық округ әкімдерінің) назарына жеткізу және мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету;

2) Заңның 16-бабы 3 тармақ 5) тармақшасының талаптарының орындалуына талдау жасап, оның бұзылуына жол берілгені (интернет-ресурстарда тиісті ақпараттар толық әрі сапалы орналастырылмағаны) анықталған жағдайда, заңбұзушылықтарды жою бойынша (интернет-ресурстарда тиісті ақпараттарды толық әрі сапалы орналастыру арқылы) тез арада шаралар қабылдау қажеттігін көрсетемін.


Аталған мәселе басшылықтың үнемі бақылауында болуы қажет.


Қосымша: «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңы -  парақта;

 

Р.Дәулет

 

Ақпаратқа қол жеткізу туралы