«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының "Рухани қазына" кіші бағдарламасы аясында 1-шілде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – қазағымның қазынасы» тақырыбында көрме инсталляциясы ұйымдастырылды. Көрмеге кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық өнерін әңгімелеу, ұлттық аспап домбыра туралы түсінік беру, жастардың бойына музыкалық тәрбие қалыптастыру, ұлттық өнерді сүйе білуге тәрбиелеу, қара домбырсын құрметтеу, сақтау, ұрпақтан ұрпаққа аманаттау, қастерлеу.
Іс-шара барысында оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева ұлтымызбен жасасып келе жатқан төл аспабымыздың нақты шығу тарихы туралы, қасиетті қара домбырамыздың жасалу технологиясымен құрылымы жайлы және ән мен шешендік өнер әрдайым қазақ халқының рухани тіршілігінің өзегі болып табылғаны, жан жолдасы домбыра қалай үн қатса, қазақ жаны соған құлақ түріп, жақсылық пен ізгілікке ұмтыла түскені жайында көне заманнан бүгінге келіп жеткен күйлер мен жыр дастандар туралы, халық дәстүрі мен музыка өнері шапағатын берері сөзсіз екенін айтып өтті. Сонымен қатар кітапханамыздың тұрақты оқырманы Анарбай Тұрсынхан «Еркем -ай» әнін орындап беріп, көпшілк қауымның көңілін бір серпілтті. Көрме инсталляциясына 235 дана кітап қойылып, библиографиялық шолу жасалды.
Нәтижесінде: Қасиетті қара домбыра жайлы толық мәліметтер беріліп, күмбрлеген домбыра үнін естіп, ұлттық аспап жайлы түсініктері кеңейді деп білеміз.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/152-dombyra-aza-ymny-azynasy.html#sigFreeId69126e4b11