Облыстардың мәдениет (архивтер, құжаттама) басқармаларына
Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ү.ж. қазан айында ақын С.Жиенбаев және жазушы Т.Жармағанбетовтің, кітапхананың 40 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми жоба жұмысын өткізуді жоспарлап отыр.
Ғылыми жоба жұмысына Қазақстанның әр түкпірінен колледж, университет студенттері және орта мектептердің 8-11 сынып аралығындағы жасөспірім оқушылары қатыса алады.
Осы орайда, Сізден өз облысыңыздағы білім мекемелерінің студенттері мен оқушыларын республикалық ғылыми жоба жұмысы өтетіндігі жөнінде хабардар ете отырып, ғылыми зерттеу жұмысына қатысуларына ықпал етуіңіз сұралады.
Қосымша: 2 бетте, ғылыми жоба жұмысының ережесі.


Басқарма басшысының м.а А.Туребаев
Орынд.: Н.Демешова
Тел.: 56-03-26