Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

 «Сыбайлас жемқорлық-қоғамды жайлаған індет» ойталқы кеші

Аудандық орталық кітапхана мен «Аса» ауылдық округі бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамды жайлаған індет» тақырыбында ойталқы кешін ұйымдастырды.

     

Мақсаты: Жастарға  адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «Жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту; сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі екенін ұғындыру және бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуға шақыру.
         

Ойталқы кеші «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл– әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында кіріспе сөзбен ашылып,кешті оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Қ.Асхатаева жүргізіп отырды. Ұйымдастырылған кештің қонақтары: «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі Көпбергенов Төленді Жексенбайұлы, «Жастар ресурстық орталығының» кеңесші  заңгері Азимханов Ернар Мұхтарұлы қатысты.      

         

Кештің негізгі бөлімінде «Жемқорлықпен күресу- басты міндетіміз» тақырыбында көпшілікке сұрақтар қойылып, ой тасталды. Қатысушылар атсалысып, қойылған сұрақтарға жауап қатып, ойларын еркін кең ауқымда білдіріп, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің көптеген әдіс-тәсілдері мен құрлымдарын меңгерудің қиында ұзақ жолы жатыр, яғни сабырлықты, жауаптылықты, күш жігерді, аянбай теориялық жұмыстар жасауды және тәжірбиеде қатаң қимылға көшуді талап ететінен хабардар болды. Сондай-ақ, іс-шараға «Жемқорлықтан опа таппайсың» ашық қарау, «Жемқорлық саяси әлеументтік қиын құбылыс» слайд көпшілік назарына ұсынылды. Нәтижесінде: қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің  заманауи сатысының басты жетістігі –халық санасындағы ұғымдарды өзгерту болып табылатыны, әрі сыбайлас жемқорлық бүгінде жай ғана заңбұзушылық қана емес, қоғам үшін, мемлекет дамуы үшін қауіпті кесел ретінде ұғынылатыннан хабардар болды.