Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Жастар салауатты өмір салтын қолдайды»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Жастар салауатты      өмір  салтын қолдайды» атты тренинг өтті.

       

Мақсаты: Балалардың дене бітімін шынықтыру, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Жазғы спорттық жаттығуға деген қызығушылығын арттыру.
       

Кешті   оқу залының кітапханашысы Ғ. Ойықбаева кіріспе сөзбен ашып, салауатты өмір салты  жайлы  мағлұматар беріп, қимыл белсенділігі салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқаратыны айтылып өтіп, балаларға сәттілік тіледі. Треннигте жиналған балаларды 

 

«Көгершін» және «Денсаулық» атты топтарға  бөлініп  спорттық ойындардан өзара  жарысқа түсті. Спорттық ойындардан «Қаппен секіру», «Аспазшы ойыны», «Кім жылдам», «Секіртпемен секіру», «Қимылды ойын» атты ойындары  ойнатылды.Кештің әлділқазылары аудандық орталық кітапхананың әдіскері Адилова Аякөз , «Шұғыла –Радуга» газетінің тілшісі  Жетпісбай Ақжігіт және «Нұр Отан» партиясы консультантының көмекшісі Бақбергенова Ұлдана төрелік жасады. Аталмыш іс-шарада 5 кезең бойынша ойында  топ бойынша 1 орын «Денсаулық» тобы қанжығасына байласа, 2 орын «Көгершін» тобы қанағат тұтты. Сондай-ақ ерекше белсенділік танытқандары үшін Әли Мамажан, Ким Руслан және  Тындыбек  Ақнұрға дипломдармен марапатталды. Кеш соңына жүлдегерлерге  сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.Треннигте  көпшілік назарына «Спорт-біздің серігіміз» атты ашық қарау ұсынылды.