Аудандық орталық кітапханда жастарға қоғамның әлеуметтік, құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып оларды экстремистік және ланкестік бағытта арандатуға жол бермеу,жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстаным екенін ұғындыру мақсатында «Теріс қылық пен құқық бұзушылық» тақырыбында сұрақ-жауап кеші өтті. Кешке аудандық мешіттің наиб-имамы Жұмағулов Жандос, «Жастар ресурстық орталығының» теолог-кеңесшісі Құрманбеков Еркебұлан Есенғалиұлы және аудан жастары қатысты.
Шақырылған қонақтар өз сөздерінде соңғы кездері түрлі секталар көбейіп кеткендігі туралы теріс ағымдағы діндерге ілесіп,темір торды мекен етіп отырған жандардың саны артып келетінін айтты.Осындай жағдайларды болдырмау үшін халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дұрыс ислами насихаттар жұргізуді және күшейтуді керек екенін,жастардың діни сауатты болуы деструктивті ағымдардан сақтанудың бір тетігі екенін жеткізе келе,әлеуметтік желілер мен діни әдебиеттер оқыған кезде дәстүрлі дінімізге қайшы дүниелерге аса мән беру керектігін атап өтті.
Кеш барысында «Дін-имандылық ұйытқысы» тақырыбында ашық-қарау ұйымдастырылды,«Ислам діні-ақиқат дін» атты слайд көрсетілді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/167-teris-yly-pen-y-b-zushyly.html#sigFreeIdd84f212dde