Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Балалардың тағдырын жазған жазушы»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен  жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туылғанына 95 жыл толуына орай «Балалардың тағдырын жазған жазушы»  тақырыбында  әдеби серуен   ауыл тұрғындары арасында өтті.

Серуенде жылжымалы  ашық қарау көпшілік назарына  ұсынылып,  қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі көркемсөз шебері Б.Соқпақбаевтың  «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында өмірбаяны  қысқаша баяндалып, «Ғұлама жазушы» тақырыбында жазушының таңдамалы шығармалары таныстырылып,  «Менің атым Қожа» повесі туралы әңгімеге көпшілікті тартып,кинофильмнен көргендерін ауызба ауыз естіп, көркем де кестелі шығармасының бірі «Балалық шаққа саяхат» повесі, Таңдамалы.Роман, хикаяттар, әңгімелер енген шығармалары, 3 томдық шығармалар жинағының 1 томында қалың оқырман  тарапынан зор ықыласқа ие болған «Өлгендер қайтып келмейді» романы, 2 томында хикаяттар мен әңгімелері, 3 томында «Менің атым Қожа» және «Жекпе-жек» хикаялары тағы басқа шығармалары  Аса ауылындағы  «Орталық алаңға»,С.Сейфуллин, Абай бойы, Қаратау, Ғ.Мұратбаев  атындағы көше тұрғындарына  автордың қаламынан шыққан бір топ әңгімелері,жазушының өмірінің әр кезеңдері насихатталып, көпшілікке «Балаларға арналған ертегілер», «Рухани жаңғыру аясында жарық көрген кітаптар», «Жаң әдебиеттермен танысайық», «2019 жыл кітаптары» атты парақшалар таратылып, жазушының шығармаларын оқыған,әңгімелерін білетін тұрғындарға күліп тұрған смайлик беріп, шығармаларын толық білмеген оқырмандарды кітапханаға шақырып,ренжулі смайликтер берілді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына «Халқы сүйген қаламгер» тақырыбында ашық қарау ұсынылып,шолу жасалды.